27.06.2017, 21:30 5481

Астанада "Медициналық туризмді дамыту" тақырыбында дөӊгелек үстел болып өтті

Бұдан соӊ дөӊгелек үстел модераторы - ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Қазақстанныӊ денсаулық сақтау саласыныӊ даму жоспарлары" тақырыбында алғысөзбен ашты.

Астана. 27 маусым. Kazakhstan Today - Астанада Дүниежүзі қазақтарыныӊ V құрылтайы аясында 2017 жылғы 24 маусымда "Медициналық туризмді дамыту" тақырыбында дөӊгелек үстел болып өтті.

Бас қосуға әлем қазақтарыныӊ V құрылтайына Германия, Түркия, Франция, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Монғолиядан келген өкілдер, ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақов, "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Темірлан Кәрібеков, "Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Іс басқармасыныӊ Медициналық орталығы" ШЖҚ РМК директорыныӊ орынбасары Шәріп Берік Шәріпұлы, "University Medical Center" Корпоративтік қоры "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" филиалыныӊ директоры Бекбай Хайруллин, "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ стратегиялық даму бөлімініӊ басшысы Алтай Нәбиев және т.б. өкілдер қатысты.

Дөӊгелек үстелге қатысушыларға алдымен іс-шара өткізілген орын - "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ-ныӊ жетістіктері жайлы бейнематериал көрсетілді.

Бұдан соӊ дөӊгелек үстел модераторы - ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Қазақстанныӊ денсаулық сақтау саласыныӊ даму жоспарлары" тақырыбында алғысөзбен ашты.

Ол елдіӊ тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласында қол жеткізген жетістіктері, алдағы межелер жайлы толыққанды әӊгімелеп берді.

Министр саланы дамытуға бағытталған алдынғы екі мемлекеттік бағдарламаны іске асырудыӊ арқасында елімізде медициналық-демографиялық негізгі көрсеткіштерді арттыру бойынша оӊ динамика байқалып отырғанын атап өтті. Ол күтілген өмір сүру ұзақтығы 6 жылға артқанын, жалпы адам өлімі 27%-ға , қатерлі аурулардан адам өлімі 20 пайызға, туберкулезден адам өлімі 5 есеге азайғанын айтты.

Дегенмен, министрдіӊ айтуынша, қазір онкология бойынша өлім көрсеткіштері жоғары. Осыған байланысты негізгі мақсат - осы көрсеткішті азайту болып отыр. Денсаулық саласына жұмсалып жатқан шығыстар ЖІӨ-ніӊ 3 пайызынан аспайды. Ал ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 9 пайызға жуықтайды. Бюджеттен денсаулық сақтауға 12-13 пайыз қаржы бөлінеді.

Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде емдеуден гөрі профилактиканы бірінші орынға қою мақсатын ұстанып, биыл қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту үшін министрлік құрамында қоғамдық денсаулық сақтау комитетін құрғаны белгілі.

Бұл комитет санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен Медициналық қызметтер сапасын бақылау комитетін біріктіру арқылы құрылды. Оныӊ Денсаулық сақтау министрлігі деӊгейіндегі орталық органы бар. Ирбір аймақта және әрбір ауданда аумақтық бөлімшелер - Қоғамдық денсаулық сақтау комитеттері болады. Жаӊа қызмет бірінші кезекте денсаулықты нығайтуға бағытталған технологияларды енгізумен айналысады. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардыӊ таралуымен күресуге баса назар аударылады.

Бүгінде елде созылмалы ауруларға және асқынған аса ауыр жағдайлармен күреске көп ақша жұмсалуда. 80% ақша ауру асқынған кезде оталарға кетеді. Ал дамыған елдерде аурудыӊ алдын алуға жұмсалатын қаражат жалпы шығындардыӊ 19 пайызын құрайды. Қазақстанда бұл 3 пайыз шамасында.

Қазір денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі 2019 жылға дейінгі бағдарлама жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаныӊ бір мақсаты - 2018 жылдыӊ аяғын таман медициналық ұйымдардыӊ барлығын 100 пайыз ақпараттық технологиялармен қамту.

Елжан Біртанов сондай-ақ, 2017 жылдан бастап жүзеге асырылатын міндетті медициналық сақтандыру, дәрі-дәрмек бағасын бақылауға алу мақсаттары туралы да кеӊінен әӊгімелеп берді. Дәрі-дәрмек бағасын бақылауға алуға қатысты заӊнамалық өзгерістер күзде парламентке енгізіледі, деді министр.

Бұдан кейін сөз кезегін алғандар Қазақстанда медициналық туризмді дамыту және елдегі іргелі медициналық орталықтардыӊ осы жылдарда жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады.

"Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы Серік Ақшолақовтыӊ айтуынша, халықаралық стандарттарға сай деп Joint Commission International (JCI), яғни Біріккен Халықаралық комиссияныӊ аккредиттеуінен өткен орталық алдағы уақытта еӊ озық жабдықтардыӊ бірі - гамма-пышақ алғалы отыр. Демек, ендігі жерде бұл техника арқылы хирург еӊ қиын орналасқан ми ісіктеріне қол жеткізе отыра, қоршаған ми тінін қозғамайды.

"Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ-да бұған дейін 2010-2016 жылдар аралығында әлемніӊ 27 елінен 220 адам келіп емделген. Орталық 160 төсек-орынға есептелген, 6 клиникалық бөлімшесі, 5 операция залы, 93 дәрігері (оныӊ ішінде 4 медицина ғылымыныӊ докторы, 18 ғылым кандидаты, 2 PhD бар, қызметкерлердіӊ 73 пайызыныӊ санаттары бар).

"Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Іс басқармасыныӊ Медициналық орталығы" ШЖҚ РМК директорыныӊ орынбасары Шәріп Берік Шәріпұлыныӊ айтуынша, медициналық кешен 5 блоктан тұрады, күніне 30 -ға дейін ота жасалады. 3139 бірлік медициналық техника алынған. Оныӊ ішінде компьютерлік томографиямен біріктірілген ПЭТ (позитронды-эмиссиялық томография) сканерлеу аппараты бар. Мұндай нақты әрі бүкіл ағзаға бірден диагноз жасау құны Еуропа мен Азияныӊ дамыған елдерінде 4000 евроға дейін жететінін айта кетейік.

"Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Іс басқармасыныӊ Медициналық орталығы" ШЖҚ РМК Астанадағы 48 дипломатиялық миссияға қызмет көрсетеді, әлемніӊ 79 клиникасымен байланыс орнатқан. Орталық 2015ж.-250; 2016ж.-494; 2017 ж. 5 айында -496, барлығы 1240 шетелдік емделушіге медициналық қызмет көрсеткен.

Соныӊ ішінде медициналық туристер саны 32 (айына 2-3) болған, олар АҚШ, Канада, Голландия, Швейцария, Ұлыбритания, Румыния, Македония, Германия, Зимбабве, Сингапур, Оӊтүстік Корея,Малайзия, Түркия, Изербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен келген.

Шәріп Берік Шәріпұлыныӊ айтуынша, "Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Іс басқармасыныӊ Медициналық орталығын" медициналық туризм мақсатында таӊдауға себеп болатын негізгі 10 себеп бар: Географиялық орналасуы, Көлікке қолжетімді, Қауіпсіз, Туристерді тартуы, Көпфункциялығы, Жаӊа технологиялар, JCI сапасы, Халықаралық сақтандыру компанияларымен байланыс, Клиника - санаторий, Қолжетімді баға.

Орталық 2017 жылы медициналық туризмді дамытуда мынадай мақсаттарды көздеп отыр: Қажет етілетін салаларды дамыту: пластикалық және косметологиялық хирургия, бариатрия, стоматологиялық протез толық көлемде; МОА бәсекелестік артықшылығын анықтау және дамыту; Маркетингтік жұмыс, қызметтерді жылжыту саясатын әзірлеу; Реабилитациялық қызметтерді/санаторийлерді жетілдіру; Медициналық туризм бойынша әлемдік қауымдастыққа - WMTA (АҚШ) ену; Медициналық туризм бойынша кәсіпқой деген сертификат алу үшін Астана қаласында Медициналық туризм бойынша халықаралық конференция өткізуге дайындық; Халықаралық іс-шараларға (көрме, саммит, конференция) қатысу арқылы халықаралық ынтымақтастықты кеӊейту және нығайту; "Құзырлылық орталығын" құрып, бюджеттік бағдарламалар аясында шетелдік мамандардыӊ қысқа мерзімге келуіне көшу; Шетелдік пациенттер үшін Қазақстан бойынша сайт және медтуризм стратегиясын әзірлеуге қатысу; Медтуристер үшін ұлттық тасымалдаушылармен авиаұшуға жеӊілдіктер мүмкіндігін қарастыру.

"Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ стратегиялық даму бөлімініӊ басшысы Алтай Нәбиев мынадай жетістіктерімен бөлісті: Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы 2011 жылғы 12 қазанда ашылды. 2014 жылы Орталық халықаралық JCI стандарттары бойынша аккредитация сертификатыныӊ иегері, ал 2015 жылы Ұлттық аккредиттеу орталығыныӊ аккредитациясынан өтіп жоғарғы санатты сертификатын алған. Жалпы Қазақстанда JCI стандарттары бойынша аккредитация сертификатын алған 7 орталық бар екенін айта кету керек.

o 2012 жылы тамыз айында Казакстанда бірінші рет жүрек алмастыру ота - трансплантациясы осы Орталықта жасалды (бүгінгі таӊда 52 жүрек трансплантациясы жасалған)

o 2015 жылғы 11 желтоқсан алғашқы өкпе трансплантациясы (бүгінгі таӊда 6 өкпе трансплантациясы жасалды)

o 2016 жыл барысында 4 103 пациентке ота жасалды: 2 424 пациентке интервенционды әрекет және 1 679 пациентке ашық жүрекке ота жасалды

o 2017 жылғы қыркүйекте Астана қаласы Бүкіләлемдік кардиоторакалды хирургтер қауымдастығыныӊ 27-конгресін өткізу орталығы болады

o Қазақстан ашық жүрекке ерекше, жоғары технологиялы операциялар жүргізетін - Жүректіӊ жасанды қарыншасын имплантациялайтын - VAD - әлемніӊ 22 елініӊ қатарына кірді. (АҚШ, Жапония, Франция, Швеция,Австрия, Швейцария т.б.)

o Барлығы 224 пациентке ота жасалды (бағдарламаны іске қосқан сәттен бастап), Ресейде, Оманда және Сауд Арабиясында VAD құрылғыларын имплантациялау бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды

o Илемніӊ 5 жетекші клиникаларыныӊ құрамында қан айналымыныӊ қосалқы жүйелерін қолдану бойынша жаӊа түрін (HeartMate III) халықаралық мультиорталықты зерттеулерге қатысуда

Орталық Республикада кардиохирургия саласындағы инновациялық медицина технологиясын елімізге трансферттеу алаӊы болып табылады Орталықта 18 - ден астам жаӊа технология емдеу тәсілдерініӊ түрлері енгізілген.

2012 жылы шетелдік емделушілердіӊ саны- 31, шетелдік туристер -7, 2013 жылы тиісінше - 51 және 9, 2014 жылы тиісінше - 52 және 13, 2015 жылы тиісінше - 31 және 8, 2016 жылы тиісінше - 45 және 10 болған. Илемніӊ 19 елінен емделуші келген.

Шетелдік емделушілердіӊ емделу артықшылықтары ретінде мыналарды көрсетеді: Емделушілерге алдын ала кеӊес беру (консультация), Трансфер, Тіркеу, Жеке гигиена заттарымен қамтамасыз ету, Үлестірме материалдар беру және Follow up (емделушіні әрі қарай жүргізу).

2017 жылға арналған жоспарында гибридті хирургияны игеру бар.

"Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Темірлан Кәрібековтыӊ айтуынша, 2002 жыл Астана қаласында 240 орындық Республикалық клиникалық аурухана ашылды, кейіннен атауы "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" болып өзгертілді.

Ұлттық ғылыми медициналық орталық (ҰҒМО) Қазақстан Республикасындағы медицинаныӊ барлық бағыттары бойынша жоғары мамандандырылған көмек ұсынатын жетекші клиника. Бүгінгі күні ҰҒМО Еуропалық сапа менеджменті қорыныӊ (Бельгия) 5 жұлдызды сертификатыныӊ иегері және "Еуропада медицина саласыныӊ еӊ үздік кәсіпорыны" дипломына ие болу арқылы Еуропаныӊ үлгілі клиникаларыныӊ бірінші ондығына енді.

Органдар мен тіндерді регенерациялау мақсатында бағаналық жасушаларды қолданатын Қазақстандағы жалғыз орталық. Жыл сайын қант диабеті, жүректіӊ ишемиялық ауруы, бауыр циррозы, буындардыӊ регеративтік аурулары, жүйке жүйесініӊ аурулары және т.б.кезінде 1200 транспланттау өткізіледі.

ҰҒМО халықаралық мультиорталықтық клиникалық зерттеулерді орындайды, жасушалық технологиялар саласында медициналық туризмді дамытады. 200-ден аса емделуші (Қытай, АҚШ, БАИ, Кувейт, Үндістан, Сингапур, Ресей және т.б.) клиникада емделді.

2010 жылдан бастап ҰҒМО-да жаӊа құрылғы HIFU-терапиясы қолданылады. Шамамен 1000 науқас емделді.

HIFU-терапиясы тіндерді кеспей, жанасусыз, жоғары интенсивті фокустелген ультрадыбыспен ағзаныӊ ішінде тереӊде орналасқан ісікті жанындағы сау органдарға залал келтірмей жойып тастауға мүмкіндік береді.

2010 жылдан бастап ҰҒМО-да телемедициналық технология бөлімі қызмет етеді, ол ҰҒМО-ныӊ өӊірлік және шетелдік клиникалармен әріптестігініӊ географиясын кеӊейтті.

02.2017 жылдан бастап Қытай елімен телемедициналық байланыс орнатылды, айына бір рет телемедициналық диагностика және консультация жүргізіледі.

АҚШ Ұлттық ғарыштық мекемесі - NASA ҰҒМО-ны астронавттарға медициналық көмек көрсететін орталық ретінде таӊдап алды.

"Медициналық туризм-бұл азаматтардыӊ сапалы және қолжетімді медициналық көмек іздеу мақсатында шетелге шығуы. Илем халқыныӊ қартаюына байланысты медициналық және сауықтыру туризмі одан әрі дами түспек. Одан бөлек, дәстүрлі медицинамен қатар халық емі де медициналық туризмі дамытуға үлесін қоса алар еді. Туристерді ем алуға шақырудан бұрын бізге медициналық мекемелерді, ондағы көрсетілетін ем мен қызметтерді түзеу керек деп ойлаймын",- деді "Ұлттық ғылыми медициналық орталық" АҚ басқарма төрағасыныӊ орынбасары Темірлан Кәрібеков.

"University Medical Center" Корпоративтік қоры "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" филиалыныӊ директоры Бекбай Хайруллин Корпоративтік қордыӊ 4 орталықтан тұратынын айтты. Оған, атап айтсақ, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық диагностикалық орталығы, Балаларды оӊалту ұлттық орталығы, Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы кіреді.

Орталық 1200 төсек-орынға есептелген, бір ауысымда 500 келушіні қабылдайды, 3200 адам қызмет етеді.

2016 жылы 172 534 адам емделіп шыққан, оныӊ ішінде Стационар жағдайында 22 328 адам, Амбулаториялық жағдайда 143 402 адам емделіп, Кешенді медициналық оӊалтудан 4 457 адам өтіп, 3 524 әйел босанған.

Шетелдерден келіп емделушілер саны 2010 жылы - 563, 2011 жылы - 608, 2012 жылы - 710, 2013 жылы - 1104, 2014 жылы - 2763, 2015 жылы - 3510, 2016 жылы - 3455 болған.

Орталықта компьютермен қосылған позитронды-эмиссиялық томограф, Бір фотондық эмиссиялық томограф және Магниттік резонанстық томография (3 тесла) бар.

"Локомат" (Швейцария) аппараты және "Атлант" нейро-ортопедиялық оӊалту пневмокостюмін қолдану арқылы инновациялық роботтандырылған кинезотерапиясын енгізген Қазақстандағы алғашқы оӊалту орталығы.

Илемніӊ 22 елініӊ ғалымдары мен мамандары, басқарушыларыныӊ қатысуымен Астана қаласында Климатолечение FEMTEC және Сумен емдеудіӊ Бүкіләлемдік федерациясыныӊ Бас Ассамблеясыныӊ 67-конгрессі ТМД елдерінде алғаш рет өткізілді.

Осылайша медициналық туризмді дамыту жайынан хабар берген баяндамалардан кейін шетелдерден келген құрылтай қонақтары өз ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Монғолиядан келген хирург Бұлан Бейсен Қазақстанға көшіп келген оралмандар үшін медициналық көмектіӊ қолжетімсіздігі жайына тоқталып өтті. Оныӊ айтуынша, оралмандар арасынан медициналық көмекке қол жеткізе алмай өзіне барып ота жасататын адамдардыӊ көптігін, мәселен, кейінгі кездіӊ өзінде 5 адам барып көмек алғанын тілге тиек етті.

Ал нейрохирургия бойынша ғылыми зерттеулермен шұғылданатын Германиядан келген Гүлшат Бәдел мен Түркияныӊ Стамбул қаласында нейрохирургия саласы бойынша клиникалық дәрігер, монғолия тумасы Еркінгүл Бірдай бірлескен жобаларға атсалысуға, өзара тәжірибе алмасуға ниеттерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны