14.07.2018, 19:33 5144

Астанада Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша жаһандық конференция өтеді

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасыныӊ жаӊа редакциясы әзірленуде. Сонымен қатар Астана қаласында 25-26 қазанда Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Алматы декларациясыныӊ қабылдануыныӊ 40 жылдығына арналған Жаһандық конференция өтеді.

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - Біз Қазақстанныӊ табысты болашағы үшін дені сау ұлтты қалыптастыруда жағдайлар жасаймыз. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халық алдында өткізген есеп беру кездесуініӊ қорытындысы бойынша орталық коммуникациялар орталығы қызметіндегі брифингте сөйлеген сөзінде айтты.

Елжан Біртановтыӊ айтуынша, Денсаулықмині қазір бірінші кезекте қазақстандықтардыӊ денсаулығын сақтау және нығайту мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл бағытта үлкен жұмыс жасалды. Саланы дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру нәтижесінде соӊғы 5 жылда елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартуда жағымды серпін байқалады. Күтілетін өмір ұзақтығы 6 жылға ұзарды; жалпы өлім-жітім 26 пайызға, ана өлімі 2,5 есе, сәби өлімі 2,6 есе төмендеді; қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім үш есе, туберкулезден өлім-жітім бес есе; қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім 27 пайызға төмендеді.

"Маӊызды әлеуметтік маӊызды мәселелердіӊ бірі халықты қолжетімді және қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету болып табылатынын айта кеткім келеді. Өткен 10 жылда елімізді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сатып алынатын дәрі-дәрмек атаулары саныныӊ 2,5 есеге артқанын көрсетеді, мемлекеттік қаржыландыру сомасы 6,4 есе артқан. Мемлекеттік бюджет есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттер саны соӊғы 5 жыл ішінде 15%-ға артқан. Дәрілік заттармен қамту процесініӊ тиімділігі мен ашықтығы мақсатында ағымдағы жылдан бастап амбулаториялық дәрі-дәрмектерді сатып алуды орталықтандыру жүргізілді; онлайн трансляция режимінде сатып алуды ұйымдастыру; нәтижесінде 23 млрд. теӊге бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізілді. Қазір өӊірлік қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары осы сомаға орталықтандыру кезінде анықталған тапшылықты жабуға және емделуге мұқтаж барлық азаматтарды дәрілік қамтамасыз етумен қамтуға қосымша өтінімдерді қалыптастырды. Қазір Бірыӊғай дистрибьютор СҚ-Фармация 2019 жылға халықты дәрілік заттармен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, биылғы жылдыӊ тамыз айыныӊ соӊына дейін дәрілік заттарға қажеттілік қалыптастырылатын болады, ал қыркүйектіӊ аяғына дейін 2019 жылға сатып алу жүргізіледі, қарашада сатып алынған препараттарды СҚ-Фармация қоймасына жеткізу күтілуде. 2019 жылдыӊ басында дәрі-дәрмек одан әрі халыққа беру үшін еліміздіӊ медұйымдарына жеткізілетін болады. Бірыӊғай дистрибьютордыӊ сатып алу рәсімдерініӊ ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін көп жұмыс жасалды. Бірыӊғай дистрибьютордыӊ сатып алудағы маӊызды жаӊалығы 2019 жылға дейін электрондық сатып алу форматына өту болады. Қазіргі уақытта жаӊа электрондық портал әзірленіп, оныӊ негізінде дәрі-дәрмектерді сатып алу жүргізілетін болады. Ол 17 шілдеде таныстырылады, ал СҚ-Фармацияныӊ келесі сатып алулары электронды түрде өтеді" - деді министр.

Министр сондай-ақ МСАК-ты жаӊғыртуға тоқталып өтті, оныӊ шеӊберінде ЖПД учаскелерін ұлғайту бөлігінде отбасылық медицина күшейтілді, мысалы өткен жылы ЖПД учаскелері 12%-ға және жалпы практика дәрігерлерініӊ саны артты. ЖПД даярлау бағдарламасы қайта қаралды. МСАК айналасында денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау тұрғысынан амбулаториялық-емханалық мекемелер құрамында 236 туберкулезге қарсы, 1644 қарап-тексеру (әйелдер мен ерлерді), 392 онкологиялық, 287 маммологиялық кабинеттер және 42 психикалық денсаулық кабинеті жұмыс істейді. 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру және жалпы практика дәрігеріне түсетін жүктемені 1500 бекітілген халыққа дейін төмендету мақсатында педиатрия учаскелерін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017 жылы 149 жаӊа педиатрия учаскелері құрылды. МСАК дамыту шеӊберінде емдеуге жатқызуды Ауруларды басқару бағдарламаларына (АББ) түрлендіру жоспарлануда.

Елжан Біртановтыӊ айтуынша, кезек күттірмейтін медкөмекті халықаралық стандарттарға жақындату үшін жедел көмектіӊ бірыӊғай диспетчерлік қызметі, шұғыл емес шақыруларды емханаларға беру, қызметкерлерді реанимациялық көмектіӊ әлемдік стандарттарына оқыту және басқалар енгізілетін болады. Министрлік триаж жүйені енгізу және көп салалы стационарға кез келген бейіндегі пациентті қабылдауға дайындық арқылы стационарлардыӊ қабылдау бөлімшелері қызметініӊ жаӊа форматын регламенттеді. Мысалы, жедел көмектіӊ жету уақыты 25 минуттан 18 минутқа қысқартылды, емдеуге жатқызуға дейінгі өлім азайды, реанимацияныӊ табыстылық көрсеткіші өсті.

"Денсаулық сақтауды цифрлық жаӊғырту үшін медициналық ақпараттық жүйелер енгізілуде, бұл 2019 жылғы 1 қаӊтардан бастап қағазсыз жұмыс форматына өтуге мүмкіндік береді. 2016 жылмен салыстырғанда аудандық деӊгейге дейін медициналық ұйымдардыӊ медициналық ақпараттық жүйелермен қамтылуы 38 пайыздан 96,7 пайызға - 2,5 есеге артты; компьютерлермен жабдықтау 34 пайыздан 85,5 пайызға дейін - 2,5 есеге артты; интернет желісіне қолжетімділік 40,9 пайыздан 63,2 пайызға дейін - 22,3 пайызға артты. Деректерді толық резервтеуді және көшіруді қамтамасыз ететін деректерді өӊдейтін екі орталық жұмыс істейді. Сонымен бірге денсаулық сақтау және медицина саласындағы мобильді қосымшалардыӊ отандық әзірлеушілері үшін орта құрылды, атап айтқанда қазір халықтыӊ 17 қосымшаға қолы жетеді" - деп хабарлады министр.

Сонымен қатар министр отандық педиатриялық көмек рөлін ерекше атап өтті. Мысалы, еӊ кіші пациенттеріміз үшін педиатриялық көмекті жетілдіру шеӊберінде туа біткен ақауларды түзетудіӊ инновациялық әдістері енгізілуде. Осындай филиграндық операциялардыӊ артуы соӊғы 5 жылда 28 пайызды құрады, қорғайтын эндоскопиялық араласуларды қолдану 10 пайызға өсті, туа біткен ақауларды операция арқылы емдеудіӊ табысты аяқталуы өткен жылы 86 пайызды құрады. Біз сыртқы есту тесіктерініӊ болмауы сияқты аурумен күресуді, есту дамуыныӊ туа біткен ақауларын реконструкциялау-қалпына келтіру операцияларын жасауды үйрендік. Балалардыӊ кардиохирургиялық қызметі өзініӊ әлеуетін арттырып келеді. 2017 жылы сәбилердегі туа біткен жүрек ақауын жою бойынша 2,5 мыӊнан астам операция өткізілді. Отандық балалардыӊ онкогематологиясы балаларымыздыӊ өмірін сақтап қалуда: соӊғы 5 жылда сүйек кемігін транспланттау саны 8 есеге жуық артты. Қант диабетімен күресуде мемлекет кіші пациенттерімізді қандағы глюкоза көрсеткішін түзету үшін инсулинді дозамен пайдалануға мүмкіндік беретін инсулин помпаларымен тегін қамтамасыз етеді. Одан басқа, Министрлік жаӊа анықталған науқастарды 2018 жылдан бастап осы медициналық бұйыммен тегін қамтамасыз ету туралы помпа жеткізушілерімен меморандум жасады!".

Соӊында Министр "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудыӊ жаӊа мүмкіндіктері" атты Елбасыныӊ жолдауын іске асыру бөлігіндегі негізгі міндеттердіӊ орындалуына тоқталды. Мысалы, Министрлік қоғамдық денсаулық сақтауды нығайту бойынша шаралар жоспарын әзірледі және бекітті, МИМС және ТМККБК жаӊа моделін енгізу шеӊберінде МИМС кепілдік берілген көлемініӊ тізбесі мен пакетін жетілдіру бойынша заӊ жобасын әзірледі және Үкіметтіӊ қарауына енгізді. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жеке кәсіпкерлер үшін кедергілерді азайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау саласына, оныӊ ішінде МЖИ базасында инвестициялар тартылуда. Жоғарыда атап өткендей, 2018 жылдыӊ соӊына дейін цифрландыру денсаулық сақтаудыӊ барлық аспектілерін қамтиды. Дәрі-дәрмектіӊ бағасын реттеу туралы заӊ жобасы әзірленіп, Парламентке жіберілді. Осы жылдыӊ соӊына дейін дербестендірілген медицина бойынша жос картасы іске қосылатын болады. Үкімет Онкологиялық аурулармен күресу, оныӊ ішінде астанада ғылыми онкологиялық орталықты құру бойынша кешенді жоспарды әзірлеп, қабылдады. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасыныӊ жаӊа редакциясы әзірленуде. Сонымен қатар Астана қаласында 25-26 қазанда Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша Алматы декларациясыныӊ қабылдануыныӊ 40 жылдығына арналған Жаһандық конференция өтеді, онда 190-нан астам ДДҰ-ға мүше мемлекет өкілдерініӊ қатысуы күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны