23.06.2015, 11:56 3531

Астанада Мексика елшілігі ашылады

Биыл елордада Мексика елшілігі ашылады. Бұл Қазақстан мен Мексика арасындағы парламенттік диалогтыӊ басталуыныӊ белгісі болмақ.

Астана. 23 Маусым. Kazakhstan Today - Биыл елордада Мексика елшілігі ашылады. Бұл Қазақстан мен Мексика арасындағы парламенттік диалогтыӊ басталуыныӊ белгісі болмақ. Аталған қадам Еуразиялық экономикалық одақ пен Латын Америкадағы интеграциялық бірігулер аясында Қазақстан мен Мексика арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтыӊ жаӊа мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мексика Сенатыныӊ халықаралық байланыстар жөніндегі комитетініӊ төрағасы Габриэла Куэвас Барронныӊ айтуынша, Мексика Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынасқа үлкен көӊіл бөледі, 2015 жылы Астанада Мексика елшілігініӊ ашылуы осыған дәлел, деп хабарлайды astana.gov.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгінде қазақстандықтар туристік виза алу үшін Мексиканыӊ Мәскеудегі өкілдігініӊ қызметіне жүгінуге мәжбүр болып отыр. Елордада Мексика елшілігініӊ ашылуы ҚР азаматтарыныӊ визаны тікелей алуына мүмкіндік береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны