07.06.2007, 11:46 1329

Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың интернет-конференциясы өтуде

АСТАНА. 7-маусым. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың интернет-конференциясы "Қазақстан - энергия және инновациялар" тақырыбы бойынша өтуде,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекет басшысы интернет- конференцияның тақырыбы ретінде инновация тақырыбын таңдады, сол себепті ақпараттық шараға "Қазақстан - энергия және инновациялар" тақырыбы басты арқау болуда.

"Мемлекет басшысы интернет конференция барысында ең басты деп танылған 30 сұраққа жауап беруде.

Президент on-line режимінде 2 сағат ішінде сұрақтарға жауап қайтарады. "Сұрақтарға мемлекет басшысының өзі тікелей жауап береді. Алдын-ала дайындық көзделмеген. Президент ахуалды және ақпараттарды жақсы білетіндіктен сұрақтарға бірден жауап береді",- деді президенттің баспасөз хатшысы Е.Байжанов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-маусым күні Астана уақытымен сағат 10 мен 12 арасында мемлекет басшысының on-line интернет-конференциясы өтеді. Президентке қоятын сұрақты электронды үкіметтің сайты арқылы немесе [email protected] электронды пошта адресіне жолдауға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны