28.07.2008, 13:51 1290

Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі құрықталды

Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі құрықталды

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 21 шілдеде мемлекетаралық іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің, Астана қаласының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК-нің Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесіп жүргізген мақсатты бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын екі рет сотталған, өткен жылдың маусым айында 22 жастағы жігітті атып өлтіргені үшін мемлекетаралық іздестіруде жүрген 28 жасар қала тұрғынын ұстады.

Сонымен қатар іздестіруде жүрген қылмыскер әртүрлі адамдардан, соның ішінде кәсіпкерлерден ақшалай қаражат бопсалаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың біріне жетекшілік еткен және Астана қаласының аумағында ықпал ету саласын қайта жасау үшін криминалдық тартыстарды ұйымдастырушы болған.

Ұсталғанның жалға алып, жасырынған пәтерінен оқталған патрондары бар жауынгерлік Макаров тапаншасы табылды.

Бұған дейін осы қылмыстық топ мүшелерінің бірі ТТ тапаншасымен және Ф-1 гранатасымен ұсталып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған болатын.

Ұстау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны