25.02.2014, 20:16 4976

Астанада мемлекеттік авиацияның ұшулар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының құрамына Қарулы Күштердің, Шекара қызметінің, Ішкі әскерлердің барлық авиациялық құрамалары мен бөлімдері енеді. Ол еліміздің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі ең жоғары технологиялы, жауынгерлік әзірлігі жоғары, ұтқыр құрал болып табылады.

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan today. Астанада мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі жөніндегі конференция болып өтті.

Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, конференция жұмысына Иуе қорғанысы күштерінің басшылық құрамы, ҚР Қарулы Күштері авиациялық бөлімдерінің командирлері, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ІІМ Ішкі әскерлері комитеті авиациялық қызметтерінің, Бас әскери прокуратура және Азаматтық авиация комитетінің өкілдері қатысты. Аталған шарада ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзекті проблемалық мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік авиация жүйесі қызметінің сенімділігін жоғары деңгейге жеткізу жолдары қаралып, кеңінен талқыланды.

Конфернцияға қатысушылар мемлекеттік авиацияның апаттық көрсеткіштерінің қазіргі уақытта жоғары деңгейде қалып отырғанын, ұшулар қауіпсіздігі жай-күйінде түбегейлі өзгерістердің бола қоймағанын атап өтті.

Жиында Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшулар қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасының бастығы полковник Мұрат Қажымұратов баяндама жасап, қатысушыларға 2013 жылы орын алған авиациялық оқиғалардың негізгі себептерін жеткізді. Сонымен қатар, ол авиациялық оқиғалардың алдын алу жөніндегі сапалы жұмысты ұйымдастыру бойынша берілетін нақты ұсыныстарға тоқталды. Бұл ұсыныстар барлық басқару органдары мен авиациялық бөлімдерде іске асырылуы тиіс.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының құрамына Қарулы Күштердің, Шекара қызметінің, Ішкі әскерлердің барлық авиациялық құрамалары мен бөлімдері енеді. Ол еліміздің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі ең жоғары технологиялы, жауынгерлік әзірлігі жоғары, ұтқыр құрал болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны