04.04.2016, 14:03 3967

Астанада мемлекеттік қызмет саласы бойынша өӊірлік хабы ASPA тәжірибесін қолданады

"ASPA 75 жылдан астам тарихы бар еӊ маӊызды кәсіби ассоциация. Ассоциация өз қатарына мыӊдаған әлемдік сарапшыларды біріктіреді. ASPA мемлекеттік басқару тұрғысынан еӊ ірі және өте танымал америкалық кәсіби ассоциация", -деді мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб комитетініӊ басқарушы төрағасы Илихан Бәйменов

Астана. 4 сәуір. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызмет саласындағы өӊірлік хаб Астана мен мемлекеттік басқару (ASPA) бойынша америкалық қоғамдастық өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ASPA 75 жылдан астам тарихы бар еӊ маӊызды кәсіби ассоциация. Ассоциация өз қатарына мыӊдаған әлемдік сарапшыларды біріктіреді. ASPA мемлекеттік басқару тұрғысынан еӊ ірі және өте танымал америкалық кәсіби ассоциация", -деді мемлекеттік қызмет саласындағы Аймақтық хаб комитетініӊ басқарушы төрағасы Илихан Бәйменов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Мемлекеттік басқару бойынша Америка қоғамдастығыныӊ атқарушы директоры Ульям Шилдстыӊ айтуынша, меморандуға қол қою жұмысты бастауды қуаттайды.

"Біздіӊ жағдайда меморандумға қол қою жұмысты бастап кетуді қуаттай түседі. Біздіӊ америкалық қоғамдастық Астана хабыныӊ құрылуыныӊ деген қайнар көзінен табылды. Бізде америкалық деген атау болғанымен біз жұмысымызды жаһандық деӊгейде жүргізуге тырысамыз. Өйткені мемлекеттік қызметтіӊ алдында тұрған мәселелер мен мүмкіндіктер ортақ. Біздіӊ қол қойған меморандумда ұйымныӊ қалай әрекет ететіні туралы нақты қадамдар айқындалған",-деді У. Шилдса.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны