10.04.2014, 19:23 3147

Астанада мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар басталды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында экономикалық дамудың стратегиялық жоспарлауы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өтуде.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында экономикалық дамудың стратегиялық жоспарлауы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар өтуде.

Семинар нарық моделінің компьютерде модельденген түрін қолдау кезіндегі симуляциялық ойыны ретінде ұйымдастырылды. Оқыту шарасы бизнесті басқару үшін және компьютермен құрылған нарыққа ену үшін стратегиялық және тактикалық шешімдерге құрылған.

Шарада кәсіпкерліктің стратегиялық дамуы, жедел бизнес жоспарлау, мерзім мен бақылау аясында шешімдер қабылдаудағы жалпы ноу-хау тапсырмалар мен компьютердегі жаттығулар көмегімен кәсіпкерлікті стратегиялық және жедел жоспарлау саласындағы семинарға қатысушылардың жеке бас қабілеттерін жақсарту мүмкіндіктері қарастырылуда.

Оқыту шарасын Blue Danube (Австрия) бизнес мектебінің өкілдері Герберт Шлер, атқарушы директор мен Виллибальд Гфёлер, қаржы және жаһандық бизнес департаменті жетекшісі, стратегиялық менеджмент және кқшбасшылық бойынша аға лектор жүргізуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны