18.06.2024, 19:39 26896

Астанада мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшеді

Астанада 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді, деп хабарлайды Астана қаласының баспасөз қызметінен. Бұл күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады. Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді. Бұл - ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны