03.06.2014, 20:35 2958

Астанада Мемлекеттік рәміздерді қолдануды бұзғандарға жазаны қатаңдату ұсынылды

Елордада Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Отырыс барысында еліміздің рәміздеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. Елордада Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Отырыс барысында еліміздің рәміздеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Отырыс барысында жастарды патриоттыққа тәрбиелеу және өскелең ұрпақтың бойында мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын насихаттау мәселелеріне де көңіл аударылды. Нәтижесінде комиссия қарауына бірнеше өзекті мәселе шығарылды, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Атап айтқанда, мемлекеттік рәміздерді қолдану нормаларын өзгерту, мемлекеттік рәміздерді құрметтемеу үшін айыппұл санкцияларын күшейту және жастар арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау.

ҚР Конституциясы "Біз Қазақстанның біртұтас халқымыз" деп басталады. Біз қазақстандықтармыз. Мемлекеттік рәміздер де бәріне бірдей. Сондықтан мемлекеттік рәміздерге деген құрметте де бөлінушілік болмау керек, деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны