16.05.2014, 20:39 3688

Астанада МСАК мейірбикелер қызметінің рөлі талқылануда

Бүгін Астанада "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуде мейірбике қызметінің рөлі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау вице-минисртрі Эрик Байжүнісов шараның ашылу салтанатында.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Астанада "Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуде мейірбике қызметінің рөлі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау вице-минисртрі Эрик Байжүнісов шараның ашылу салтанатында.

Конференцияда Қазақстандағы мейіргерлік қызметке арналған баяндамалар оқылып, Финляндия, Литвадан келген мамандар мен үкіметтік емес ұйымдардың, медбикелік қызмет саласындағы медициналық қауымдастық өкілдері сөз сөйлейді.

Қазіргі таңда Қазақстан үшін МСАК жетілдіру денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі болып отыр.

Айта кету керек, конференция аясында республикада мейіргерлік қызмет мамандарына арналған жергілікті деңгейдегі кәсіби курстар, дөңгелек үстелдер, "2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында мейіргерлік қызметті дамыту тұжырымдамасы" жобасын талқылау бойынша семинарлар, тренингтер және ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Конференция жұмысында Қазақстанда халықаралық деңгейдегі медбикелік қызметті дамыту бойынша қабылдануы қажет шараларға бастау болатын қарар қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде елімізде 150 мыңнан астам орта деңгейдегі медициналық қызметкер жұмыс істеуде. Мамандарды дайындаумен 28 мемлекеттік және 40 жеке меншік медициналық оқу орындары айналысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны