10.07.2014, 19:44 3115

Астанада мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 30-дан астам отбасыға қаржылай сертификат берілді

Бүгін Астанада мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға ақшалай сертификаттарды тапсыру бойынша дәстүрлі жыл сайынғы қайырымдылық акциясы өтті.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Астанада мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға ақшалай сертификаттарды тапсыру бойынша дәстүрлі жыл сайынғы қайырымдылық акциясы өтті.

"2008 жылы әкімдіктің бастамасы бойынша "Бәйтерек" қайырымдылық қоры құрылды, қала әкімдігімен өткізілген қайырымдылық акцияларын өткізу кезінде бойынша жиналған қаражатар шотына келіп түседі. 2009 жылдан акция құрылған кезеңінен 103 500 000 теңге жалпы сомасына 96 адам ақшалай сертификаттар алды. Республика аумағындағы және шекара шегіндегі (Қытай, Ресей, Израиль, Германия) барлық балалар жоғары білікті медициналық көмек алды. Елорда күні шеңберінде іс-шараларды өткізген нәтіжесі бойынша жиналған 25 000 000 теңге қаржы 33 адамның емі үшін бөлініп отыр", - деп Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Алма Алтыбаева мәлім етті.

Айта кетерлік жайт, бұл дәстүр алдағы жылдары да үзбей жалғастырылатын болады. Қайырымдылық жасау бұл кез келген қоғамның басты міндеті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны