24.01.2012, 12:09 3719

Астанада "Назарбаев орталығы" ашылды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанда мемлекеттілік тарихын жүйелі зерттеу және танымал ету мақсатында "Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы" мемлекеттік мекемесінің және салынып жатқан "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы" ғимаратының негізінде "Назарбаев орталығы" көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі құрылды.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада "Назарбаев орталығы" ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанда мемлекеттілік тарихын жүйелі зерттеу және танымал ету мақсатында "Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы" мемлекеттік мекемесінің және салынып жатқан "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Кітапханасы" ғимаратының негізінде "Назарбаев орталығы" көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі құрылды.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір ай мерзім ішінде Орталықтың Жарғысын, оның штаттық саны туралы ұсынысты әзірлеу және белгіленген тәртіппен бекітуге енгізу, сондай-ақ Жарлықтан туындайтын басқа да шараларды қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев "Назарбаев орталығы" көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны