30.01.2008, 19:23 3216

Астанада неміс журналисін соққыға жығып, тонаған күдіктілер ұсталды - Астана ішкі істер департаменті - толық нұсқасы

Астанада неміс журналисін соққыға жығып, тонаған күдіктілер ұсталды - Астана ішкі істер департаменті - толық нұсқасы

Астана. 30-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада неміс журналисін соққыға жығып, тонаған күдікті ұсталды. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Астана қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Аталмыш қылмысты жасағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысының Қызығұрт ауданының Астанаға ақша табу мақсатында келген үш тұрғыны ұсталды",- деп айтылған Астана қаласының Ішкі істер департаментінің таратқан баспасөз баянында.

"Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі өзінің "ВАЗ-2106" жеке көлігімен адам тасымалдаумен айналысқан",- деп көрсетілген баспасөз баянында. Астана қаласының Ішкі істер департаментінің бастығы Жанат Битеновтың айтуынша, екінші күдікті астанадағы күзетпен айналысатын ЖШС бірінде жұмыс істеген, үшіншісі ешқайда жұмыс істемейді. "Күдіктілердің жасы 20 - 26 жас аралығында",- деп нақтылап өтті Ж. Битенов.

"Қылмыс жасалған түні (үстіміздегі жылдың 20-қаңтарында - агенттік тілшісінің ескертпесі) жәбірленуші Германия азаматы Маркус Бенсман Сарыарқа көшесінің бойымен жүріп келе жатқан осы көлікті тоқтатып, күдіктіден өзін "Абай" қонақ үйіне жеткізіп салуын сұраған. Клиенттің шетелдік екендігін және де қатты мас екендігін білген күдіктілер оны тонамақ болып шешкен",- деп түсідірді Ішкі істер департаментіндегілер.

"Олар осы мақсатта жәбірленушіні Софиевск тасжолының бойындағы айыппұл автотұрағының маңына апарып, оны соққығы жыққан, осыдан кейін оның киімдері мен ақшасын тартып алып, жәбірленушіні есін білмейтін күйде қалдырып, оқиға болған жерден бой тасалаған",- деп көрсетілген тергеу болжамы баспасөз баянында.

"Күдіктілер кеше кешке ұсталған: кеше түнде біз бірқатар тінту жүргіздік, тінту барысында күдіктілерден Германия азаматының заттары: күртешесі мен ботинкасы тәркіленді",- деп қосты Ж. Битенов. Сонымен қатар, оның айтуынша күдіктілерлердің бірінің көлігінен қанның құрамды бөлшектері табылған. "Осы бөлшектерге қатысты жүргізілетін сараптама екі айға жуық уақытты алады, осы екі айдың ішінде алдын ала тергеу жүргізілетін болады. Біз әрине жәбірленушіні сауыға салысымен күдіктілерді тануға шақыратын боламыз, онсыз іс сотқа жіберілмейді",- деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы.

Оның айтуынша, күдіктілердің үшеуіне де айып тағылған, "олар өз кінәларын толық мойындап отыр".

"Қазіргі уақытта күдіктілер Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Уақытша тергеу изоляторына қамалды. Аталмыш дерек бойныша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 78-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр",- деп көрсетілген құжатта.

Бұрын хабарлағанымыздай, "жәбірленуші тоналғаннан кейін бірнеше сағат қақаған аязда қалып, қол-аяқтарын қатты үсік шалған болатын".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны