16.06.2015, 18:12 4255

Астанада "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" бағдарламасы шеӊберінде тұрғын үй құрылысыныӊ қарқыны жария етілді

Астанада Ұлттық қордан "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Жаӊа экономикалық саясатын іске асыру үшін бөлінетін бюджет қаражаты мен қаржыларды тиімді жұмсау және бақылау орнату бойынша "Нұр Отан" партиясыныӊ Фракциясы комиссиясыныӊ отырысы болып өтті

Астана. 16 Маусым. Kazakhstan Today - Астанада Ұлттық қордан "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Жаӊа экономикалық саясатын іске асыру үшін бөлінетін бюджет қаражаты мен қаржыларды тиімді жұмсау және бақылау орнату бойынша "Нұр Отан" партиясыныӊ Фракциясы комиссиясыныӊ отырысы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ "Нұрлы жол -болашаққа бастар жол" Жолдауы - еліміздіӊ шешуші бағытын белгілейтін жүйелі және стратегиялық құжат. Бұл бағдарламаны "Нұр Отан" партиясы Төрағасы Н.И.Назарбаев 2014 жылдыӊ қарашасында "Нұр Отан" партиясы Саяси Кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысында қабылдаған болатын. Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша бюджет қаражатыныӊ және Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттыӊ қалыптасуын және тиімді жұмсалуын бақылау бойынша Фракция мүшелерінен төрт комиссия құрылды, бұл комиссиялар мынадай бағыттар бойынша жұмыс жүргізеді: "әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту"; "ТКШ инфрақұрылымыныӊ, сумен және жылумен қамтамасыз ету тораптарыныӊ модернизациясы, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту"; "индустриалдық, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскер белсенділікті қолдау"; "көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту". Партия желісі бойынша да осы сияқты комиссиялар құрылды және олар еліміздіӊ барлық аймақтарында жұмыс істеуде.

"Бюджет қаражатын және Ұлттық қордан бөлінетін қаражатты тиімді жұмсау мәселесі - архиваждық және партияныӊ тұрақты бақылауында болады. Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс күшейтіледі. Қазіргі уақытта партияныӊ Орталық аппараты осы бағыт бойынша жұмыс жүргізуде, соныӊ шеӊберінде "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша қаражатты жұмсау механизмі мен бақылау индикаторлары жөнінде методикалық ұсынымдар әзірленетін болады", - деп, "Нұр Отан" партиясыныӊ хатшысы Құмар Ақсақалов өзініӊ сөзінде атап көрсетті.

Жұмыс барысында "ТКШ инфрақұрылымыныӊ, сумен және жылумен қамтамасыз ету тораптарыныӊ модернизациясы, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту" бағыты бойынша Комиссияныӊ қызметі, сондай-ақ "Илеуметтік инфрақұрылымды дамыту" бағыты бойынша Комиссияныӊ қызметі туралы ақпарат қарастырылды.

Мәселен, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеӊберінде 2015 жылы Ұлттық қордан 34 мектептіӊ құрылысын бастауға қаражат бөлінді. Деректерге сәйкес, Ақтөбе облысында (Нұр-Ақтөбе шағын ауданында мектеп); Алматы облысында (6 мектеп) және Астана қаласында (№ 26 орта мектеп) және Алматы қаласында (№ 26 орта мектеп) салынады. Сондай-ақ 7 аймақтағы 9 мектептіӊ құрылысын бастау үшін дайындық жұмыстары басталды: Ақтөбе облысында (Кирпичный поселкасындағы мектеп), Жамбыл облысында (Кұмшағыл бекеті, Тараз қ.), Қарағанды облысында - 2 мектеп бойынша (Сатпаев, Қарағанды қалаларында), Қызылорда облысында (Тәжібаев ауылындағы орта мектеп), Маӊғыстау облысында (Бейнеу ауылындағы орта мектеп), Солтүстік Қазақстан облысында - 2 мектеп бойынша (Тайынша қ. және Новоишим ауданындағы Мүсірепов қ.), Алматы қаласында (№ 157 орта мектеп). Сонымен қатар, конкурс өткізілді, соныӊ арқасында Ақтөбе облысыныӊ Заречный-3 поселкасындағы мектеп құрылысыныӊ мердігерлері айқындалды.

Бес өӊірде 14 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу үдерісі аяқталмаған, ОҚО Сайрам ауданыныӊ Қарабұлақ кеӊшарында Бірлескен жоспар әрекетініӊ түзетілуіне орай байқау жарияланбаған.

Мектепке дейінгі білім беру шеӊберінде 2015 жылы Ұлттық қор қаржысыныӊ есебінен 17 балалар бақшасыныӊ құрылысын бастау жоспарланды.

Атап айтсақ, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2 өӊірде 4 нысан бойынша жүргізілуде: Ақмолада (Көкшетау қаласындағы балалар бақшасы) және Алматы облыстарында (3 балалар бақшасы). Оныӊ сыртында жеті өӊірде тағы да 8 нысанда құрылыс жұмыстарына дайындық жүруде: Жамбыл облысында (2 балалар бақшасы Тараз қаласында және Қордай ауданыныӊ Масаншы кеӊшарында), Батыс Қазақстанда (Шыӊғырлау кеӊшарындағы балалар бақшасы), Қызылордада (Қызылорда қаласындағы балалар бақшасы), Маӊғыстауда (Жетібай кентіндегі балалар бақшасы), Павлодарда (Ақсу қаласындағы балалар бақшасы), Солтүстік Қазақстанда (Петропавловск қаласында). Ақтөбе (Қарғалы кеӊшарындағы балалар бақшасы) және Қостанай облыстарында мектепке дейінгі құрылыс таяу уақыттары іске асырылады, өйткені мердігерлермен келісім қол қою кезеӊінде тұр.

Мемлекеттік сатып алу үдерістері үш өӊірде тек үш нысан бойынша аяқталған: Шығыс Қазақстан облысында (Риддер қаласындағы балалар бақшасы), Жамбылда (Сарысу ауданы Жаӊатас қаласындағы балалар бақшасы), Оӊтүстік Қазақстанда (Түркістан қаласындағы балалар бақшасы).

"Құрылыс инфрақұрылымдарын модернизациялау" бағытында Алматы, Батыс-Қазақстан, Маӊғыстау, Павлодар облыстары, Алматы қаласында нысандар құрылысы басталды. "НҰҚ Бәйтерек" АҚ желісі бойынша он екі өӊірде, Алматы мен Астанада жоспарлы жұмыс жүріп жатыр. Сондай-ақ, ОҚО, ШҚО, БҚО, Қарағанды мен Жамбыл облыстарында құрылыс мерзімініӊ бұзылуы мен қаржыныӊ игерілуі алаӊдаушылық туғызады.

"Сонымен бірге, "Бәйтерек" ұлттық басқарма холдингі" АҚ желісі бойынша құрылыс жүріп жатқан аталған облыстардыӊ жергілікті атқарушы органдары құрылыс жұмысыныӊ барысын бақылауға қатты көӊіл бөлмейді, әрекетті көмек көрсетпейді, инженерлік коммуникацияларды дайындау бойынша өздерініӊ міндеттемелерін орындамайды", - деп атап өтті сөйлеген сөзінде Комиссия жетекшісі, Парламент Мәжілісіндегі "Нұр Отан" партиясы фракциясыныӊ мүшесі Николай Логутов.

Атап өтілгендей, "НҰҚ Бәйтерек", қол қойылған келісім бойынша 121,7 млрд теӊге көлеміндегі бөлінген соманыӊ 27 млрд теӊгесін ғана игерген.

"Бүгінгі күні "Нұрлы жол" бойынша жалға алу бағдарламасын іске асыру шеӊберінде жалпы сомасы 63,2 млрд теӊге, көлемі 417,6 мыӊ.м2 (7 208 пәтер) болатын 43 нысан бойынша келісімге қол қойылды, олардыӊ ішінде: 2015 жылы тапсыру мерзімімен 53,3 млрд теӊге тұратын, ауқымы 344,7 мыӊ м2 (5 929 пәтер) болатын 36 нысан бойынша; 2016 жылы тапсыру бойынша 10 млрд теӊге тұратын ауқымы 72,9 мыӊ (1 279 пәтер) болатын 7 нысан бойынша келісімге қол қойылды", -деп атап өтті Холдинг басшысы Қ.Бишимбаев.

Оныӊ айтуынша, қол қойылған келісімдердіӊ, иемдену 194,8 мыӊ м2 немесе 3 295 пәтерді құрайды, құрылыс 222,8 мыӊ м2 немесе 3913 пәтер. Мысалы, бүгінгі күні Шымкент, Тараз, Семей, Қызылорда, Орал, Павлодар, Талдықорған, Өскемен және Петропавловск қалаларында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр - деп хабарлады "Бәйтерек" холдингініӊ басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны