03.02.2009, 13:25 1378

Астанада өгей інісі пәтерге бола өлтірген әйелдің мәйіті табылды - ІІД

Астанада өгей інісі пәтерге бола өлтірген әйелдің мәйіті табылды - ІІД

Астана. 3 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада өгей бауыры пәтерге бола өлтірген әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД төрағасының бірінші орынбасары Жанат Битенов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Астана қалалық ІІД -іне шағымдана келген Б есімді азамат өзімен бірге тұрып жатқан әйелдің жоғалып кеткенін хабарлаған. Қолданылған шаралардың нәтижесінде әйелдің пәтерін заңсыз сату дерегі анықталды. Ал пәтердің саудасына оның өгей бауырының қатысы бар екендігі белгілі болды", - деді Ж. Битенов.

ІІД өкілінің хабарлауынша, жәбірленуші әйелдің өгей бауыры бұрын сотталған, түрмеден 2008 жылдың желтоқсан айында босап шыққан. Ийелдің жоғалу оқиғасын тексеру барысында тәртіп сақшыларының назарына оның бауырымен бірге бір абақтыда жазасын өтеп шыққан қылмыстық топ іліккен. "Осы топ жәбірленуші әйелдің пәтерін иемденіп алу үшін оны өлтірген", -деді Ж. Битенов.

Шұғыл алдын алу шараларының барысында әйелдің өгей інісі пәтердің құқықтық құжаттары мен оның жеке куәлігін ұрлап алып, екінші бір жалған тұлғалардың көмегімен нотариуста бас сенімхатты рәсімдегені анықталды. Осы сенімхатты пайдаланған ол пәтерді үшінші біреулерге 26 мың долларға сатып жіберген.

"Кучерованы қылмыскерлер алдау арқылы қаланың сыртына алып шығып, өлтірген. Ийелдің мәйітін тәртіп сақшылары ет комбинатының аймағынан тапты. Нақтылған мәліметтерге сәйкес, жәбірленуші әйел 25 жаста, оның 5 жастағы қызы болған. Қазір осы ауыр қылмысқа қатысы барлар толық ұсталды", - деді ІІД төрағасының бірінші орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны