16.10.2016, 22:23 4151

Астанада Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ күндері "Ин - шашуым өзіӊе, мерейлі Астанам!" гала-концертімен аяқталды

Сүгірдіӊ "Ыӊғайтөк" күйімен бастау алған мерейтойлық концертте 300-ге жуық оӊтүстікқказақстандық өнер майталмандары астаналықтарға өлкеміздіӊ өнерін ұсынды.

Шымкент. 16 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын өткізу аясында "Қуатты өӊір - қуатты Қазақстан" Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Астанадағы екінші күні "Нұрын шашқан - Оӊтүстік" фотокөрмесі мен жалғасын тауып, "Ин - шашуым өзіӊе, мерейлі Астанам!" Оӊтүстік Қазақстан облысы өнер шеберлерініӊ Гала-концертімен қорытындыланды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Елордадағы Конгресс холда ұйымдастырылған шараға өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысып, Астана қаласыныӊ қонақтары мен жұртшылығыныӊ назарына ұсынылған жылжымалы фотокөрмені тамашалады.

Аталған көрмеге Тәуелсіздік жылдарында Елбасымыздыӊ Оӊтүстік Қазақстан облысына келуіндегі маӊызды іс-сапарлары мен өркендеген оӊтүстік тынысынан көрініс тапқан қаламыздыӊ көркем жерлері бейнеленген 50-ден астам фото суреттер қойылған.

Сонымен қатар, облыс әкімі "Ин - шашуым өзіӊе, мерейлі Астанам!" атты өнер шеберлерініӊ Гала-концертіне қатысты.

Сүгірдіӊ "Ыӊғайтөк" күйімен бастау алған мерейтойлық концертте 300-ге жуық оӊтүстікқказақстандық өнер майталмандары астаналықтарға өлкеміздіӊ өнерін ұсынды. Елорда төрінде "құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күйі" орындалып, мыӊ бұралған бишілеріміз өз өнерлерімен қонақтарды тәнті етті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Елордасы - Астанадағы күндері аясында облыстық өнеркәсіп өндірушілердіӊ көрмесі өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Көрмеде өӊірдегі жеӊіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, құрылыс заттары салаларыныӊ 30-дан астам кәсіпорындарыныӊ отандық өнімдері қойылды.

Аталған шараға Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, көрмеге қойылған өнімдерді қала ?кімі мен м?ртебі меймандарға таныстырды. Сондай-ақ, ол бүгінде отандық тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқанын айтып, барша көрмеге қатысушыларды қазақстандық тауарды тұтынуға шақырды.

Мұнда Астана қаласыныӊ тұрғындары мен қонақтарына кілем өнімдері, шұлық және үйге арналған тоқыма бұйымдары, ерлер костюмдері, трансформаторлар, сорғылар, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық құрылғылар, құрылыс заттары, жиһаз, азық-түлік өнімдері ұсынылуда.

Сондай-ақ, "Қазақстанда жасалған" акция аясында өтіп жатқан көрмеде ОҚО туристік объектілерініӊ сурет көрмесі және LED экранда облыстыӊ инвестициялық тартымдылығы бойынша бейне ролик пен облыстық өнеркәсіптік кәсіпорындары туралы фильмдер көрсетілді.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ өнеркәсіп кәсіпорындары жыл басынан бері 515,4 млрд. теӊгеніӊ өнімін өндірді. Бұл өткен жылғыныӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда 109,6 млрд. теӊгеге артық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны