14.09.2016, 12:12 3683

Астанада Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағымдарыныӊ мәселесі талқыланады

Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасында "Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағымдарыныӊ мәселесін шешу: халықтыӊ мобильділігі, босқындар мен осал мигранттардыӊ құқықтары және аймақтық ынтымақтастық" тақырыбында жоғары деӊгейдегі кездесу өтеді.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасында "Орталық Азиядағы аралас көші-қон ағымдарыныӊ м?селесін шешу: халықтыӊ мобильділігі, босқындар мен осал мигранттардыӊ құқықтары ж?не аймақтық ынтымақтастық" тақырыбында жоғары деӊгейдегі кездесу өтеді.

"Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ кітапханасы" хабарлағандай, басқосудыӊ басты мақсаты - Орталық Азияда және жалпы аймақтағы аралас көші-қонға байланысты күрделі мәселелердіӊ шешімін табуда қатысушы мемлекетердіӊ әлеуетін нығайту.Келелі жиын КХҰ "Орталық Азиядағы аралас көші-қонға әлеуетті нығайту арқылы әрекет ету" бағдарламасы аясында Орталық Азиядағы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымныӊ (КХҰ) Субөӊірлік үйлестіру кеӊсесімен бірлесе ұйымдастырылған.

Кездесудіӊ алғашқы күні "Мигранттардыӊ осалдығы және Орталық Азиядағы ықпалдастықтыӊ қажеттігі: реэмиграцияныӊ негізгі себептері мен әлеуметтік-экономикалық салдары" атты бағалаудыӊ таныстырылымы өтеді. Оныӊ барысында адамдардыӊ мобильділігі, мигранттар мен босқындар арасындағы осал санаттардыӊ құқықтары және аймақтық ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Жиын барысында Оӊтүстік-Шығыс Еуропа, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерініӊ аймақтық директоры Аргентина Cзабадош, Орталық Азиядағы Халықаралық көші-қон ұйымыныӊ (ХКҚҰ) үйлестірушісі - Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан және Өзбекстан ХКҚҰ миссиясыныӊ басшысы Деян Кесерович, Орталық Азия бойынша үйлестірушініӊ орынбасары Татьяна Хаджиэммануэль өз пікірлерін білдіреді.

Екінші күні өтетін кездесуге ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, Алматы процесініӊ төрағасы Біржан Нұрымбетов, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Қуаныш Сұлтанов, БҰҰ Орта Азия бойынша босқындарды қорғау жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасыныӊ аймақтық өкілі және аймақтық үйлестірушісі Ясуко Ода қатысады.

Жиын барысында КХҰ халықаралық сарапшыларыныӊ және Орталық Азия елдеріндегі КХҰ сарапшыларыныӊ баяндамалары жоспарланған. Кездесуге қатысушылар көші-қонныӊ өзекті мәселелерін, әлемдік озық тәжірибелерді, сонымен қатар мигранттар мен босқындардыӊ құқықтарын жүзеге асыруға септесетін мүмкіндіктерді талқыға салады. Іс-шараға Қазақстан және Орталық Азия елдерініӊ орталық мемлекеттік мекемелері өкілдері және жетекші сарапшылары, халықаралық ұйымдар мен шетелдік елшіліктердіӊ өкілдері, талдау құрылымдары мен ведомстволардыӊ қызметкерлері қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны