20.09.2016, 19:30 3377

Астанада Орталық Азиядағы босқындарды қорғау мен олардыӊ көші-қон мәселелері талқыланды

Қазақстанда биыл еӊбек мигранттарыныӊ негізгі ағымы Қытай (11 мыӊ 641 адам), Түркия (3 мыӊ 558), Өзбекстан (3 мыӊ 285), Ұлыбритания (1 мыӊ 505) және Үндістан (1 мыӊ 334) елдерініӊ үлесінде.

Астана. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласында босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон жөніндегі Алматы процессініӊ жоғары лауазымды қызметкерлерініӊ үшінші кездесуі өтті. Шараға ҚР Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова, Орта Азия бойынша Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымныӊ аймақтық үйлестірушісі Деян Кесерович, БҰҰ-ныӊ Орта Азия бойынша босқындардыӊ істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасыныӊ аймақтық өкілі Бернард Дойл, Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы тұрақты өкілініӊ орынбасары Мунхтуя Алтангерел, ҚР және Орталық Азиядағы көші-қон саясаты саласындағы мемлекеттік органдардыӊ, сонымен қатар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері қатысты.

Жиынныӊ мақсаты - Орталық Азия елдерініӊ еӊбек көші-қоны саласындағы жаӊа беталыстарын сараптау мен өзара тәжірибе алмасу, көші-қон заӊнамасындағы олқылықтарын анықтау мен ортақ ұсынымдар жасау болып табылады.

Шара барысында тұрғындардыӊ тұтастығы, босқындардыӊ құқықтарын жүзеге асыру мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, аталған саладағы аймақтық ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

Халықаралық ұйымныӊ мәліметінше, әлемдегі әрбір жетінші адам босқын болып саналады. Халықаралық босқындар саны 2040 жылы 400 млн-ға дейін көбеюі болжанып отыр.

Өз сөзінде Светлана Жақыпова экономикалық дағдарысқа байланысты Орталық Азия аумағындағы тұрғындардыӊ мобильділігі арта түсетінін атап айтты.

Қазақстанда биыл еӊбек мигранттарыныӊ негізгі ағымы Қытай (11 мыӊ 641 адам), Түркия (3 мыӊ 558), Өзбекстан (3 мыӊ 285), Ұлыбритания (1 мыӊ 505) және Үндістан (1 мыӊ 334) елдерініӊ үлесінде.

"2016 жылдыӊ 8 айында Қазақстанға жұмысқа тұру мақсатында 12 мыӊ 963 адам (2015 жылы 16 мыӊ 349) ЕАЭҚ қатысушы елдерінен, оныӊ ішінде Ресей азаматтары - 9 мыӊ 388 адам (2015 жылы - 12 мыӊ 529), Кырғызстаннан - 1 мыӊ 496 адам (2015 жылы - 1 мыӊ 138), Беларусь елінен - 394 адам (2015 жылы - 608) және Армениядан - 1 мыӊ 685 адам (2015 жылы - 2 мыӊ 074) келді", - деп хабарлады Светлана Жақыпова.

Сонымен бірге, биыл 210 мыӊ адам ішкі істер органдарынан республиканыӊ үй шаруашылығы саласында еӊбек етуге рұқсат алды (2015 жылы үй шаруашылығы саласында 141 мыӊ шетел жұмысшылары еӊбектенген болатын).

Кездесу соӊында қатысушылар ЕАЭҚ аясындағы реттелмейтін көші-қон миграциясы, Орталық Азиядағы адамдарды саудалау мен мигранттардыӊ құқығын қорғау мәселелерін шешу бағытындағы көпжақты ынтымақтастықты өӊірлік әрі қарай жалғастыруға келісті.

Естеріӊізге сала кетейік, Алматы процесі - 2011 жылы Қазақстанныӊ бастамасымен құрылған тұрақты пікір алмасу алаӊы болып табылады. Оныӊ мақсаты - аймақтық форматтағы және жаһандық перспективадағы босқындар мен халықаралық көші-қонныӊ өзекті мәселелерін бірлесе отырып шешу. Қазақстан Алматы процесініӊ бірінші басшысы болып сайланған болатын. Біздіӊ елден басқа Алматы процессініӊ тұрақты қатысушылары - Изербайжан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Түркменстан елдері. Иран мен Пәкістан бақылаушы мәртебесінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны