28.01.2013, 14:30 3075

Астанада Орталық коммуникация қызметінің кезекті брифингі болды

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаевтың кезекті брифингі болды. Онда ол Қазақстанда осы аптаға жоспарланған бірқатар маңызды оқиғалар мен шаралар туралы айтып өтті.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада Орталық коммуникация қызметінің кезекті брифингі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Ресми өкілі Алтай Ибибуллаевтың кезекті брифингі болды. Онда ол Қазақстанда осы аптаға жоспарланған бірқатар маңызды оқиғалар мен шаралар туралы айтып өтті.

А.Ибибуллаевтың айтуынша, 30 қаңтарда ҚР Президенті Н.И.Назарбаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңейтілген отырыс өткізеді. Талқыланатын басты тақырып - қылмысқа қарсы күрес болмақ. Жиында Қазақстандағы қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес, наркотикалық заттардың заңсыз айналымы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері сөз болады.

ҚР Үкіметі тарапынан, 29 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалық етуімен өтетін отырыста ҚР Үкіметінің мемлекеттік құнды қағаздарды сыртқы нарыққа шығару туралы қаулысының жобасы мен Мемлекеттік органдардың Еуразиялық экономикалық комиссиясымен өзара әрекеттестігі ережесі қарастырылды.

30 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалық етуімен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Бұдан басқа, С.Ахметов алдағы аптада елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері бойынша бірқатар жұмыс мәжілістерін өткізеді.

31 қаңтарда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - ҚР Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына Өңірлік даму министрі ретіндегі алғашқы жұмыс сапарын жасайды.

Үстіміздегі аптада Үкімет басшысы С.Ахметовтің және вице-премьерлер Б. Сағынтаевтың, Қ.Келімбетовтің, Е.Орынбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс және сегіз министрлік пен агенттіктердің алқасы болады. Онда көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік саясатты, денсаулық сақтауды дамыту және "жасыл" экономиканы дамыту ұстанымдары талқыланады.

ҚР СІМ тарапынан, ертең 29 қаңтарда брифинг өтіп, онда Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Еуропалық Одақ елдеріне жұмыс сапары туралы айтылады.

Бұдан басқа, 30-31 қаңтар күндері Астанда БҰҰ Даму бағдарламасы өкілдірінің қатысуымен лаңкестікпен күрес жөніндегі талдаулардың жобасын талқылау жөніндегі практикалық семинар өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны