21.01.2013, 14:43 3175

Астанада Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингісі өтті

Онда ол Қазақстанда алдағы аптаға жоспарланған маңызды оқиғалар мен шаралар туралы ақпар берді.

Астана. 21-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін Астанда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Ресми өкілі АлтайИбибуллаевтың брифингі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Онда ол Қазақстанда алдағы аптаға жоспарланған маңызды оқиғалар мен шаралар туралы ақпар берді.

А.Ибибуллаевтың ақпарына қарағанда, ҚР Үкіметі тарапынан, 22 қаңтар күні ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің басқаруымен Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингісінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қарастарылатын жиын өтеді.

А.Ибибуллаев сондай-ақ 23 қаңтар күні ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің қатысуымен Еуразия экономикалық комиссиясының Сауда жөніндегі консультативтік комитетінің 8-отырысы өтетінін жеткізді. Аталған шара барысында тарифтік және тарифтік емес комитеттің отырысы да жоспарланған.

ҚР СІМ желісінде 24-25 қаңтарда Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысовтың Ресей Федерациясына сапары жоспарланған.

22-23 қаңтарда мемлекеттік органдардың, МЕҰ және қауымдастықтардың жан-жақты және инклюзивті қатысуымен ҚР азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне қатысты ұлттық консультация өткізу шеңберінде БҰҰ Дамыту Бағдарламалары өкілінің Маңғыстау облысына сапары жоспарланған.

Сондай-ақ БҰҰДБ өкілдері 23 қаңтарда "ЭКСПО-2017: өңірлік бастамалар" өңірлік форумына қатысады, оның қорытындысында "жасыл" энергия саласындағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру тетіктері әзірленетін болады.

Үстіміздегі аптадағы маңызды оқиғалар қатарында А. Ибибуллаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Атқару комитетінің 132-сессиясын атап өтті, оның шеңберінде Қазақстанның ДДҰ аткомының құрамына кіру мәселесін талқылау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны