09.04.2014, 19:54 25887

Астанада Отан қорғаушылар күніне арналған Искери парад өтеді

Искери парад 2014 жылғы 7 мамырда Астана қаласындағы "Қазақ елі" алаңында өтеді.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan today. Искери парад 2014 жылғы 7 мамырда Астана қаласындағы "Қазақ елі" алаңында өтеді.

Парадқа Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және Республикалық ұланның парадтық есептоптары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрліктерінің әскери техникалары мен авиациясы тартылады, деп ҚМ хабарлады.

Искери парадтың салтанатты маршының жаяу легіне 2 мыңға жуық әскери қызметші, оның ішінде ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамынан 1500 адам қатысады.

Механикаландырылған колоннадағы әскери техника саны 250 бірлікті және жеке құрамда 566 адамды құрайды (механик-жүргізушілер, экипаждар, десанттар).

Сондай-ақ парадқа 56-ға жуық ұшу аппараттары қатыстырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны