03.07.2012, 14:00 3108

Астанада отандық өндірушілермен 15 млрд. теңге сомаға 46 келісімшарт жасалды

Астанада тұрғындарға отандық өнімдермен танысып, қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік жасап отырған отандық тауар өндірушілердің "Қазақстандық өнімді сатып ал!" жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Астана. 3-шілде. Kazakhstan Today - Астанада отандық өндірушілермен 15 млрд. теңге сомаға 46 келісімшарт жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада тұрғындарға отандық өнімдермен танысып, қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік жасап отырған отандық тауар өндірушілердің "Қазақстандық өнімді сатып ал!" жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Осы форум қарсаңында еліміз аймақтарында өткен Қазақстанда жасалған тауарлардың көрмесі бүгін Астанада да жалғасты. Мұнда жұртшылық отандық өнімдерді көріп қана қоймай, сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Елордадағы жәрмеңкеге машина жасау, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейтін 250-ден астам кәсіпорынның өнімдері қойылып отыр.

Астанадағы жәрмеңке аясында отандық өндірушілермен шамамен 15 млрд. теңге сомаға 46 келісімшарт жасалды.

Атап айтқанда, "Қырғызстан темір жолу" компаниясы 3 501,5 млн. теңге сомаға ТЭ33А сериялы "EvolutionИ" тепловоздарын сатып алатын болды. Ал ресейлік "Евросиб СПб-Транспортные системы" компаниясы 2013 жылдан бастап Қазақстаннан ТЭ33А сериялы 50 тепловоз сатып алады.

Тапсырыс берушілердің қатарында KEGOC, "Қазақтелеком", "Қазақстан темір жолы", "Қазақстан инжиниринг" сияқты қазақстандық ірі компаниялар да бар.

Мысалы, "Интергаз Орталық Азия" компаниясы "Қазмұнаймаш", "Мұнайгаз Изоляция", "Өскемен арматура зауыты", "ҚазМұнайГазӨнеркәсіп", "Мүгедектердің ерікті қоғамдарының қауымдастығы" және т.б. кәсіпорындармен 8 келісімшартқа отырды.

Ал Павлодар мұнай-химия зауыты "Белкамит" бірлескен кәсіпорны, Өскемен конденсатор зауыты, Павлодар құбыр-прокат зауыты, Петропавл ауыр машина зауыты және т.б. с.с компаниялармен 10 меморандумға қол қойды.

Айта кету керек, елімізде Индустрияландыру картасы жобаларының іске асырылу барысына мониторинг жүргізілуде. Өткен 2,5 жылда іске қосылған 443 нысанның 202-сі бүгінде 50 пайыздан астам өндірістік қуатына шығып отыр. Осының арқасында "Қазақстанда жасалған" түрлі тауарларды қазақстандықтар кеңінен тұтынып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны