19.02.2016, 15:17 6067

Астанада өтетін "KADEX-2016" халықаралық көрмесіне 300 әлемдік компания әскери өнімді ұсынуға дайын

Илемніӊ әр елінен әскери техника өндіретін 300-ден аса компания Астанада өтетін "KADEX-2016" халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне өз өнімін ұсынуды жоспарлауда

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - Илемніӊ әр елінен әскери техника өндіретін 300-ден аса компания Астанада өтетін "KADEX-2016" халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне өз өнімін ұсынуды жоспарлауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алайда, бұл әлі нақты сан емес, себебі, таяу және алыс шетелдегі елдердіӊ шетелдік қатысушылары мен меймандардыӊ өтінімдері күн сайын келіп түсуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігіні? баспасөз қызметі.

Көрменіӊ танымалдылығымен қатар еліміздіӊ қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту және армияны жабдықтау үшін "KADEX-2016" тиімділігін де атап өткен жөн. Оныӊ өткізу нәтижелері әртүрлі мақсаттағы оптикалық-электронды аспаптарды өндіру, радиолокация және радиоэлектрондық күрес жүйелерін шығару мен техникалық қызмет көрсету, үш координаталы радиолокациялық станцияларды өндіру, сондай-ақ броньды кеудешелерді шығару жөніндегі бірқатар бірлекен өндірістер болды.

Осы жылы "KADEX-2016" халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі маусымныӊ 2-і мен 5-і аралығында өтеді. Бүгінгі таӊда аталмыш көрме Орта-Азиялық өӊірдегі ауқымды іс-шараныӊ бірі болып табылады. Көрме 2010 жылдан бастап үш рет өткізілді және еліміздіӊ қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытуға, Қазақстан Қарулы Күштерініӊ қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету мен өрістетуге бағытталған әскери мақсаттағы отандық және шетелдік тауар өндірушілердіӊ жемісті бірлескен жұмысыныӊ алаӊына айналды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны