31.03.2015, 18:18 8842

Астанада өтетін парадты музыкалық сүйемелдеуді 250-ге жуық әскери музыкант қамтамасыз ететін болады

Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы құрметіне арналған әскерлер парадын музыкалық сүйемелдеуді ҚР Қорғаныс министрлігі құрама оркестрініӊ 250-ден астам әскери музыканты қамтамасыз етпек. Оныӊ құрамында ҚР ІІМ Ұлттық ұланыныӊ 25 әскери қызметшісі бар

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы құрметіне арналған әскерлер парадын музыкалық сүйемелдеуді ҚР Қорғаныс министрлігі құрама оркестрініӊ 250-ден астам әскери музыканты қамтамасыз етпек. Оныӊ құрамында ҚР ІІМ Ұлттық ұланыныӊ 25 әскери қызметшісі бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ҚМ Искери-орекстрлік қызметі орындайтын шығармалар репертуарын бекітті. "Бізге жүктелген барлық жауапкершілікті сезіне отырып, біз парадқа арналған музыкалық әуендерді мұқият іріктедік. Біз орындаған шығармалар парадтыӊ қимылын толықтырып қана қоймай, әкелеріміз, аталарымыз бен бабаларымыз сыйлаған Жеӊістіӊ рухын, мерейтойдыӊ және ұлы ерліктіӊ маӊыздылығын көрсеткенін қалаймыз", - деп ҚР ҚМ Искери-оркестрлік қызметініӊ бастығы майор Тимур Жартыбаев атап өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Парадтыӊ тарихи бөліміне қатысушылар көптеген шерулерде ел жүрегіне жол тапқан, Ұлы Жеӊістіӊ нышаны болған - "Прощание славянки", "День Победы", "Баллада о солдате", "Катюша" марштарыныӊ әуенімен адымдайды. Парадтыӊ заманауи бөлімінде отандық сазгерлердіӊ музыкалық композициялары шырқалады.

Искери оркестрлер - кез-келген әскери парадтыӊ ажырамас бөлігі. Олар ерекше салтанаттылық ахуалын қалыптастырып, мерекелік көӊіл-күй сыйлайды, әр нотасымен Отанға деген жоғарғы патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті оята отырып, парадтыӊ жаяу және механикаландырылған лектерініӊ қозғалысына ырғақ пен қарқын береді.

Қазіргі уақытта әскери музыканттар күні ертеӊ басталатын бірлескен жаттығуларға кірісуге дайын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны