19.09.2011, 15:18 3735

Астанада өткен демалыс күндері 21 мас жүргізуші құрықталды

Астана қаласы ІІД ЖПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері жол полицейлері қозғалысқа бақылау жасау кезінде Жол қозғалысы ережесін 1354 рет бұзу оқиғасын анықтады, оның 21-інде жүргізуші автокөлікті мас күйінде жүргізгендер.

Астана. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада өткен демалыс күндері 21 мас жүргізуші құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана қаласы ІІД ЖПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері жол полицейлері қозғалысқа бақылау жасау кезінде Жол қозғалысы ережесін 1354 рет бұзу оқиғасын анықтады, оның 21-інде жүргізуші автокөлікті мас күйінде жүргізгендер.

Сонымен қатар, ұялы телефонмен сөйлескені үшін 71 жүргiзушiге айып салынған. ды, деп хабарлайды

"Белгіленген жылдамдықтан асырғаны үшін 58 жүргізушіге әкімшілік хаттама жасалды, 19-ы қарсы бетке шығып кеткені үшін тоқтатылған, құжатсыз көлік жүргізгендердің саны - 16, ұялы телефонмен сөйлескені үшін 71 жүргізуші жауапқа тартылып, 27 көлік айып тұрағына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны