01.06.2007, 10:18 1437

Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

АСТАНА. 1-маусым. Kazakhstan Today. Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, онда депутаттар еліміздің конституциялық заңдарына енгізілетін түзетулердің топтамасын жұмысқа қабылдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Отырысқа мәжілістің 63, сенаттың 36 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты",- деді отырысты ашқан мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.

Атап айтсақ, депутаттар "Қазақстан Республикасының президенті туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын, "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын жұмысқа қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны