16.05.2007, 10:17 1549

Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, онда мемлекет басшысы Конституцияға енгізілетін түзетулердің жобасын таныстырады

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, онда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Отырысқа сенаттың 35, мәжілістің 75 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты",- деді отырысты ашқан мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.

АСТАНА. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды, онда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырады,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Отырысқа сенаттың 35, мәжілістің 75 депутаты қатысып отыр.

"Қажетті кворум қалыптасты",- деді отырысты ашқан мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.

Сонымен бірге отырысқа үкімет басшысы Кәрім Мәсімов басқарған үкімет мүшелері, президент әкімшілігінің өкілдері, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысып отыр.

Демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссия ұсынған бағыттардың 80 проценттен астамына негізделген Конституцияға енгізілетін түзетулер арқылы Қазақстанда іс жүзінде басқару нысаны өзгертілмекші. "Парламенттің өкілеттілігі аясының кеңейетіндігі соншалық, ендігі жерде президенттік басқару нысанынан президенттік-парламенттік басқару нысанына көшу жайлы айтуға негіз бар",- деді дүйсенбі күні журналистерге берген түсініктемесінде Конституциялық кеңес төрағасы И.Рогов.

"Саяси фракциялардың заң шығару барысындағы және үкіметті жасақтаудағы ролі айтарлықтай өседі. Саяси партиялардың ролі артып, мәжіліс пен сенаттағы депутаттардың саны артады. Бірақ бұл орайда нақты сандар айтылған жоқ - ол президенттің құзырындағы іс. Ол тиісті өзгерістерді парламентке енгізу барысында жария етіледі",- деді И.Рогов. Қазіргі парламент мәжілістің 77, сенаттың 39 депутатынан тұрады.

Сонымен бірге, И.Роговтың айтуынша, қоғамдық бірлестіктердің ролі де арта түспек. "Жобаның бірқатар тұстары адам мен азаматтың құқықтарына қатысты. Соттарды жасақтауға қатысты өзгерістер бар. Нәтижесінде көптеген ережелер жеңілдетіліп, сот жүйесінің тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі. Тұтастай алғанда құқық қорғау жүйесінің жұмыс істеу жағдайына өзгерістер енгізіледі, атап айтсақ, прокуратура, алдын-ала тергеу және анықтау органдарының іс-қызметіне қатысты ережелер өзгертіледі. Бірқатар конституциялық нормаларды әсіре нақтылау алынып, бұл мәселелер конституциялық және басқа да заңдардың құзырына беріледі", деді Конституциялық кеңес төрағасы.

"Жалпы алғанда енгізілетін өзгерістер біздің қоғамымыз бен мемлекетімізді мейлінше демократияландыра түсуге, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мейлінше қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",- деді И.Рогов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны