14.01.2011, 14:47 7455

Астанада парламент палаталарының референдум бойынша біріккен отырысы басталды

Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың оның президентік өкілеттігін 2020 жылдың желтоқсанына дейін ұзартуға қатысты референдум өткізуге ветоны жеңу туралы мәселені талқылайтын Парламент қос палаталарының бiріккен отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың оның президентік өкілеттігін 2020 жылдың желтоқсанына дейін ұзартуға қатысты референдум өткізуге ветоны жеңу туралы мәселені талқылайтын Парламент қос палаталарының бiріккен отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, "ҚР парламентінің ҚР президентінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістерді республикалық референдумға шығару туралы ұсынысын Назарбаевтың қабылдамай қайтарған жарлығы жарияланған болатын".

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, "біріккен отырыста 47 сенат депутатының - 44, 107 мәжіліс депутаттарының - 104 қатысып отыр жиналым бар", - деді отырысты ашып мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов. Сондай-ақ біріккен отырысқа жоғарғы соттың төрағасы, ОСК басшысы, Бас прокурор, Иділет министрлігінің, Қаржы министрлігінің басшылары, сенат және мәжелес аппараттарының мүшелері, премьер-министр кеңсесінің мүшелері қатысып отыр.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы отырысында 27 желтоқсанда Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша республикалық реферндум өткізу туралы бастамашыл топтың арызын тіркеді. Осы сәттен бастап бастамашыл топ референдумды қолдауға қол жинауды бастады. Заңнамаға сәйкес референдумның бастамашылары 200 мыңнан аса азаматтың қолын жинауға тиіс. Бейсенбіде Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумды тағайындау туралы бастамашылық білдірген азаматтары қолдарының растығын тексеру нәтижелері туралы қорытынды хаттаманы бекітті: жалпы референдумды қолдауға 5 миллион 16 мың қол жиналды, 194 мың қол жарамсыз болып табылды.

Дегенмен депутаттар жұмада өтетін парламенттің қос палатасының біріккен отырысында сайлау өткізусіз оның президентік өкілеттігін 2020 жылдың желтоқсанына дейін ұзарту бойынша референдум өткізу бойынша мемлекет басшысының ветосын жеңуге ниетті.

Қазақстанның қазіргі президенті 70 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев билік басында 20 жылдан бері отыр. 2012 жылы Қазақстан президентінің кезекті сайлауы өтуге тиіс болатын, оған Назарбаев өз кандидатурасын ұсынбақ болған.

Қазақстанда әрекеттегі президенттің өкілеттігін ұзарту бойынша жалпы халықтық референдум өткізу тәжірибесі бар: 1995 жылғы референдум Назарбаевтың өкілеттігін 1999 жылдың аяғына дейін ұзартқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны