28.04.2009, 14:54 2752

Астанада пәтер тонаушы грузиялық азаматтар ұсталды - ІІД

Астанада пәтер тонаушы грузиялық азаматтар ұсталды - ІІД

Астана. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада пәтер тонау мақсатында арнайы келген Грузияның екі азаматы ұсталды. Бұл туралы бүгін журналистерге арналған брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаменті төрағасының бірінші орынбасары Жанат Битенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Астаналық тәріп сақшылары "Пәтер" операциясының барысында елордаға пәтер тонау мақсатында арнайы келген Грузияның екі азаматын ұстады",- деді ол.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері 1971 және 1980 жылы туған екі ұрыны арнайы жедел-іздестіру шарасының барысында 14-сәуірде құрықтаған. Тексеру барысында олардың Қазақстанға келісімен бір облыста тіркеліп, екі аптадан бері Астанада пәтер тонаумен айналысып жүргендігі анықталды.

"Ұрылар пәтерлерге арнайы дайындалған құрал-саймандардың көмегімен немесе құлыптың ішкі құрылысын бұзып кіріп жүрген. Оларды тінту барысында ұрлық жасауға арналған қолдан жасалған құралдар мен қолды болған заттардың біразы табылды және олардың бәрі де тергеу барысында айғақзаттар ретінде тіркелді", деді департамент бастығының орынбасары.

Сондай-ақ, ол келтірген мәліметтерге қарағанда, ұрылардың қаладағы 10 пәтерді тонау әрекетіне қатысты екендігі дәлелденіп отыр. "Тексеру жұмыстары әлі жалғасуда. Сондықтан олардың нақты қанша пәтер тонау әрекетіне қатыстылығын қазір дөп басып айту қиын. Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық Кодекстің 175-ші бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған сәйкес, қылмыскер 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны