14.04.2009, 13:48 2623

Астанада пәтер тонаушылар құрықталды

Астанада пәтер тонаушылар құрықталды

Астана. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астанада 20 пәтерді үптеп кеткен пәтер тонаушылар құрықталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Астана қалалық ІІД Тіл саясаты және ақпарат бөліміне сілтеме жасап.

"Астананың тәртіп сақшылары Қазақстан Елордасында болған сериялы пәтер тонау оқиғаларына қатысы бар үш адамды құрықтады",- делінген хабарламада.

Қылмыскерлердің автокөлігін және жеке мүліктерін тексеру барысында ұрланған құнды заттар табылды. Олар бір күнде 4 пәтерді тонап үлгерген.

Қазір қылмыскерлер Астана қаласы ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды.

"Күдіктілер бүгінгі күннің өзінде елордада 20 қылмыс жасағандығын мойындап отыр. Азаматтарға келтірілген шығынның жалпы көлемі 20 миллион теңгеден асады. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны