03.03.2010, 17:04 3231

Астанада пәтер тонаушылығымен шұғылданып келген топ құрықталды - ІІМ

Астанада пәтер тонаушылығымен шұғылданып келген топ құрықталды - ІІМ

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Астанада пәтер тонаушылығымен шұғылданып келген топ құрықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Астанада пәтер тонаушылығымен шұғылданып келген топ құрықталды. 2009 жылғы қазанның ортасына таман өздерін жарық саласының мамандарымыз деп таныстырған белгісіз біреулер зейнеркердің пәтеріне еніп, тапанша көрсетіп қорқыту арқылы жәбірленуші мен оның немересін матап-байлап, 98 мың рубль және 150 мың теңге көлеміндегі қаржыны алып кеткен", - деді Қ. Жұманов.

Оның айтуынша, "27 ақпанда ҚР ІІМ Криминалық полиция комитетінің Орталық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен Астана қалалық ІІД криминалдық полициясы қызметкерлері осы қылмысты жасаған үш күдіктіні ұстады".

Қ. Жұмановтың айтуынша, ұсталғандар тағы да осы ықшамауданда жасалған тағы бір қарақшылық шабуылы қылмысын мойындады, оның барысында 1,5 млн теңгені тонаған.

"Ұсталғандардың бұдан басқа да осы тектес қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр", - деді ІІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны