08.09.2009, 15:29 3023

Астанада полиция кепілдікке алу жөніндегі жалған қоңыраулар жасаған адамды ұстады - ІІД

Астанада полиция кепілдікке алу жөніндегі жалған қоңыраулар жасаған адамды ұстады - ІІД

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада қалалық Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығының пультіне кепілдікке алу оқиғасы жөніндегі жалған ақпаратпен екі мәрте қоңырау шалған 20 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД төрағасының бірінші орынбасары Жанат Битенов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20 жастағы жігіт 9 тамызда қалалық Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығының пультіне қоңырау шалып, Астанадағы тұрғын үйдегі бір пәтерде бетперде киген белгісіз қарулы азаматтар адамдарды кепілдікке алды деп хабарлаған. Осындай тағы бір қоңырау "02" пультіне 14 тамызда да келіп түскен. Бұл жолы қоңырау шалған адам басқа мекенжайда адамдар кепілдікке алынды деп хабарлаған.

"Аталған оқиғалардың орнына барған кезде деректер расталмады. Жедел іздестіру шараларының барысында 22 тамызда ІІД-нің экстремизммен, сепаратизммен және лаңкестікпен күрес басқармасының мамандары Астана қаласының 20 жастағы тұрғынын ұстады, ол аталған жалған қоңырауларды бұзақылықтан жасаған болып шықты", - деді Ж. Битенов.

ІІД ақпаратына сәйкес, аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 242-ші бабы (лаңкестік әрекеті туралы көрінеу жалған хабар беру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ж. Битеновтың айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері Астанада лаңкестік әрекеті туралы көрінеу жалған хабар берудің 8 оқиғасы тіркелген. Олардың бәрі де әшкереленіп, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны