20.01.2009, 15:26 2722

Астанада полицияның әрбір қоғамдық көмекшісіне 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленеді

Астанада полицияның әрбір қоғамдық көмекшісіне 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленеді

Астана. 20 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада полицияның әрбір қоғамдық көмекшісіне 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Полицияның әрбір қоғамдық көмекшісіне 10 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы төленеді", - делінген хабарламада.

"Полицияның қоғамдық көмекшілерін ынталандыруға бөлінетін қаржы көлемі жыл өткен сайын өсе түсуде. Егер 2006 жылы бөлінген қаржы көлемі 4 млн теңгеден асса, 2007 жылы қалалық әкімдіктің қолдауымен ол шамамен үш есе ұлғайтылып, 13 млн теңгеге жетті. Бұл республика бойынша ең жоғары көрсеткіш", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ІІД еске салып өткендей, "қоғамдық көмекшілер полицияға ақпарат беру және учаскелік полиция инспекторларымен ұдайы ықпалдастық орнату рөлін атқарады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны