09.07.2026, 14:07 34521

Астанада робототехника мен цифрлық технологиялар саласындағы отандық әзірлемелер таныстырылды

Астанада робототехника мен цифрлық технологиялар саласындағы отандық әзірлемелер таныстырылды
Сурет: Astana IT university
Астанада өткен Astana AI Week 2026 ғылым және инновациялар форумы аясында қатысушылар робототехника, жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы қазақстандық озық әзірлемелерді талқылады, деп хабарлайды Astana IT University.

"Іс-шара алғашқы күні-ақ өзінің халықаралық мәртебесін дәлелдеді. Форумға Қазақстан мен шетелден келген 425 қатысушы, 50 спикер, сондай-ақ бизнес, ғылыми қауымдастық, технологиялық компаниялар, стартаптар және студенттер қатысты", - делінген хабарламада.


Astana IT university

Күннің басты оқиғаларының бірі жасанды интеллектті дамытуға арналған пленарлық сессиялар мен сарапшылар пікірталастары болды. Инновациялық әзірлемелер көрмесінде робототехника және цифрлық технологиялар саласындағы 35 жоба таныстырылды. Astana IT University мәліметінше, қатысушылар қазақстандық озық технологияларды іс жүзінде қолдану мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар, AI Hackathon бастау алып, оған 180 қатысушы жиналды. Олар "Өнеркәсіп" және "Денсаулық сақтау" бағыттары бойынша инновациялық шешімдер әзірлейді. Командалар "Қазақмыс" корпорациясы, Astana Innovations және MedHubHAQ ұсынған кейстермен жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны