15.05.2015, 12:21 3797

Астанада сарапшылар мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада "Мүгедектердіӊ құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын Қазақстан Республикасыныӊ ратификациялауы: оӊ өзгерістерге қарай" халықаралық конференциясы болып өтті

Астана. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада "Мүгедектердіӊ құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын Қазақстан Республикасыныӊ ратификациялауы: оӊ өзгерістерге қарай" халықаралық конференциясы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, БҰҰ-ныӊ Мүгедектердіӊ құқықтары жөніндегі комитетініӊ төрағасы Хорхе Арайя, ҚР Парламентініӊ депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардыӊ, дипломатиялық корпустыӊ, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері қатысты.

Конференция барысында Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғаудыӊ ұлттық жүйесі таныстырылды. Халықаралық стандарттарды ескере отырып, оны жетілдіру тетіктері талқыланды. Мүгедектердіӊ құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау аясында әрі қарайғы стратегияны қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Конференцияда сөз алған Тамара Дүйсенова аталған Конвенцияны ратификациялау мүгедектердіӊ өмір сапасын жақсартуға ықпал ететінін атап көрсетті. Осы мақсатта Қазақстан Үкіметі 2012-2018 жылдарға арналған Мүгедектердіӊ құқықтарын қорғау және өмір сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдап, кезеӊ-кезеӊмен іске асыруда.

Конференцияға қатысушылар инклюзивтік білім беруді дамыту, мүгедектігі бар тұлғаларды жұмыспен қамту, олардыӊ өмір сапасын арттыру жөнінде тәжірибелерімен бөлісті.

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 20 ақпанда Мемлекет басшысы "Мүгедектердіӊ құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасыныӊ заӊына қол қойды.

Аталған халықаралық құжатқа қол қойылғанға дейін Қазақстан Конвенцияға қол қойған 2008 жылдан бері ауқымды, жүйелі жұмыстар атқарылды.

Бұл халықаралық пактіні ратификациялау ел тарихында айтулы кезеӊ боп табылады және мемлекеттіӊ мүгедектігі бар тұлғалардыӊ құқықтарын алға жылжыту саласында жалпылама мойындалған халықаралық стандарттарға айнымастығын көрсетеді. Қазіргі уақытта Конвенцияны әлемніӊ 150 елі ратификациялаған.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны