04.06.2014, 23:01 3027

Астанада Саратов облысының күндері өтуде

Астанада Саратов облысы күндері салтанатты түрде ашылды. Шара барысында Саратов облысының әлеуетін көрсеткен тұсаукесер рәсімі өтті. Облыс сауда және көлік магистралі қиылысындағы ірі астық өндіруші аймақ орталығында орналасқан.

Алматы. 4 маусым. Kazakhstan today. Астанада Саратов облысы күндері салтанатты түрде ашылды.

Шара барысында Саратов облысының әлеуетін көрсеткен тұсаукесер рәсімі өтті. Облыс сауда және көлік магистралі қиылысындағы ірі астық өндіруші аймақ орталығында орналасқан.

Ашылу салтанатында алғысөз Саратов облысы губернаторы В.В.Радаевқа берілді. Ол өз сөзінде қос мемлекет арасындағы екі тарапты қарым-қатынас дамуында Астана қаласы мен Саратов облысының маңызды рөлін атап өтті, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Сауда өкілдігі мен Саратов облысы үкіметі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ Саратов облысы Үкіметі мен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Аталмыш келісімдер Саратов облысы үкіметі мен Астана арасында ғана емес, сондай-ақ екі елдің іскерлік қауымдастығы арасында да байланыс пен сенімнің нығаюына ықпал етпек.

Алдағы уақытта мәдениет пен білім, экономика және медицина, туризм мен сауда, ғылым мен техника, спорт салаларында ынтымақтастықты одан әрі дамыту көзделген.

Ол сан жылдар бойы Ресей орталығын Орал, Сібір, Орта Азиямен байланыстырған ірі көлік торабы саналады. Оның аумағы арқылы Орта Азия елдері мен Қазақстан Республикасына шығцға болады. Саратов облысы жер қойнауынан мол ресурстар мен пайдалы қазбалар өндіріледі. Атап айтсақ, мұнай, газ, құрылыс материалдары шикізаты, жанғыш тақтатас, ішуге жарамды және бальнеологиялық минералды су.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны