09.10.2018, 14:52 5331

Астанада Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенциясыныӊ тараптары кеӊесініӊ сегізінші сессиясы өтеді

Тараптар кеӊесінде бірқатар шешімдер мен құжаттар, оныӊ ішінде Конвенцияныӊ болашақ жұмысын айқындайтын екі негізгі құжат - "Конвенцияны жаһандық деӊгейде жүзеге асыру стратегиясы" және "2019-2021 жылдарға арналған Конвенция жұмысыныӊ бағдарламасы" қабылданады.

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау конвенциясыныӊ тараптары кеӊесініӊ сессиясына Астанада алғаш рет 500-ден астам сарапшы жиналады.

Орталық коммуникациялар қызметінде шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияcыныӊ тараптар кеӊесініӊ сегізінші сессиясы туралы баспасөз конференция өтті.

Астанада Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенциясыныӊ тараптары кеӊесініӊ сегізінші сессиясына алғаш рет 500-ден астам сарапшы, БҰҰ мүше 90-ға жуық елініӊ министрлері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ғылыми топтар жиналады.

2018 жылғы 5 қазанындағы Мемлекет басшысыныӊ жыл сайынғы Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес, еӊбек өнімділігі мен өӊделген ауылшаруашылық өнімін 2022 жылға дейін 2,5 есеге арттыру, ал оларды іске асырудағы міндеттерініӊ бірі суармалы егіншілікті одан әрі дамыту болып табылады. Елдіӊ оӊтүстік өӊірлерінде суармалы егіншілік шекарааралық өзендер туралы шарттар шеӊберінде көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастықта дамуда және Қазақстан Республикасы үшін аса өзекті. Қатысушылардыӊ көп саны мен өкілдердіӊ жоғары деӊгейі, Қазақстанныӊ су ресурстарына өсіп келе жатқан жүктеме жағдайында шекарааралық су ынтымақтастығын нығайтуға баса назар аударатынын білдіреді.

Талқылау барысында климаттыӊ өзгеруіне бейімделу, су ресурстары, азық-түлік, энергия және экожүйелер арасындағы байланыс жүйесі, трансшекаралық су ынтымақтастығыныӊ тиімділігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және есептілік мәселелері қаралады. Сондай-ақ Трансшекаралық бассейндік басқарудыӊ тиімділігі мен тұрақтылығын арттырудыӊ негізгі аспектісі болып табылатын қаржыландыру сияқты мүлде жаӊа сын-қатерлер айтылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев өз сөзінде Мемлекет басшысы Н. И. Назарбаев трансшекаралық ынтымақтастық мәселелеріне, оныӊ ішінде өӊірдіӊ барлық халықтарыныӊ ортақ игілігі мен байлығы болып табылатын трансшекаралық су ресурстарына ерекше көӊіл бөлетініӊ айтты. Қазақстан халықаралық құқық нормаларына негізделген өркениетті мемлекетаралық су қатынастарын қалыптастыруын ұстанады. Конвенция Хатшылығыныӊ жетекшісі Франческа Бернардини өз сөзінде Қазақстан мен ел басшылығына осындай халықаралық алаӊныӊ жұмысын жоғары деӊгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтып, барлық аймақтық және әлемдік интеграциялық процестерінде Қазақстан Республикасыныӊ маӊызды рөлін атап өтті. Спикер сондай-ақ, Қазақстанныӊ арқасында Шекараралық сулар жөніндегі Конвенцияныӊ Тараптары Кеӊесініӊ сессиясы құрлықтыӊ азиялық бөлігінде алғаш рет өтетінін мәлімдеді.

Тараптар кеӊесінде бірқатар шешімдер мен құжаттар, оныӊ ішінде Конвенцияныӊ болашақ жұмысын айқындайтын екі негізгі құжат - "Конвенцияны жаһандық деӊгейде жүзеге асыру стратегиясы" және "2019-2021 жылдарға арналған Конвенция жұмысыныӊ бағдарламасы" қабылданады.

Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенциясыныӊ тараптары кеӊесініӊ сегізінші сессиясы 2018 жылғы 10-12 қазан аралығында Астана қаласындағы ЭКСПО Конгресс-орталығында өтеді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны