27.05.2014, 22:34 2597

Астанада шетелдіктерді тіркеудің жаңа жүйесі таныстырылды

ҚҚМА басшылығымен бірқатар кездесулерден кейін ІІМ шетелдіктерді бірден қонақ үйлерде бірыңғай ақпараттық көші-қон жүйесіне тіркеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Алматы. 27 мамыр. Kazakhstan today. Астанада ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев пен ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар ассоциациясының (ҚҚМА) президенті Рашид Шайкенов бастаған өкілдермен кездесу болып өтті.

Қазіргі таңда заңнамаға сәйкес шетелдіктер елге кіргеннен кейін 5 тәулік ішінде көші-қон полициясына тіркелуге міндетті. Бұл туристер үшін де, өзге қонақтар үшін де белгілі бір жайсыздықтар туғызады. Бірінші кезекте бұл ішкі істер органдары жұмысының кестесіне, жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері тіркеу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты, деп ІІМ-нен хабарлады.

ҚҚМА басшылығымен бірқатар кездесулерден кейін ІІМ шетелдіктерді бірден қонақ үйлерде бірыңғай ақпараттық көші-қон жүйесіне тіркеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Бірінші кезекте электронды тіркеу Иділет басқармасында тіркелген барлық 320 қонақүйлер қамтылатын болады. Содан кейін мұндай тәртіп шетел азаматтарын қабылдайтын басқа да қонақүйлер мен мекемелерге таралады.

"Мұндай тәртіп әсіресе өзекті, себебі Елбасының тапсырмасына сәйкес үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап Қазақстан экономикасына инвестиция құятын 10 елдің азаматтары Қазақстанға 15 тәулікке кейін визасыз кіруге дайындалып отыр. Болашақта визалық тәртіптің жеңілдеуі Экономикалық ынтымақтастық пен даму мекемелерінің 34 елдерін қамтып, сол елдердің азаматтары Қазақстанға жазғы маусымда кіруде визадан босатыладытн болады", - деп ведомстводан хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны