23.06.2014, 22:13 3223

Астанада суды тиімді падалану мәселелері талқыланды

"Жасыл Академия" Ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп Су ресурстары комитеті басқармалары мен бассейн инспекцияларының басшылары мен қызметкерлері үшін "Тиімді су пайдалану мен су үнемдеу: стандарттар мен тетіктер"тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді.

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan today. "Жасыл Академия" Ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп Су ресурстары комитеті басқармалары мен бассейн инспекцияларының басшылары мен қызметкерлері үшін "Тиімді су пайдалану мен су үнемдеу: стандарттар мен тетіктер"тақырыбындағы семинар-тренинг өткізді.

Семинар суды үнемдеу мен суды тұтынудың халықаралық тәжірибесі және технологияларымен танысу мақсатында ұйымдастырылды.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының 2014-2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспары мен "жасыл" экономика жөніндегі заң жобасындағы су ресурстарын басқару бойынша ұсыныстар талқыланды, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отандық компаниялар мен кәсіпорындардың тәжірибесімен таныстыру мақсатында "Астана су арнасы" МҚК-да көшпелі практикалық сабақ ұйымдастырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны