05.06.2007, 16:41 3398

Астанада табиғи апаттарды жою жөніндегі "Аймақтық ынтымақтастық - 2007" атты халықаралық оқу- жаттығулар өтеді

АСТАНА. 5 - маусым. Kazakhstan Today. Астанада табиғи апаттарды жою жөніндегі "Аймақтық ынтымақтастық - 2007" атты халықаралық оқу-жаттығулар өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Астанада 7 - 11 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің орталық аппаратының ғимаратында "Аймақтық ынтымақтастық - 2007" атты халықаралық оқу-жаттығулар өтеді, АҚШ Орталық қолбасшылығының басшылығы оны белсенді ұйымдастырушы әрі белсенді қатысушысы болып табылады",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, жаттығудың негізгі тақырыбы апаттарды жою болмақ, сонымен қатар лаңкестікпен күрес, есірткі контрабандасымен күрес, шекара қауіпсіздігі мен заңсыз көші-қонға қатысты проблемалар талқыланатын болады. "Жаттығу тиімді ақпарат алмасудың маңыздылығын аймақтың күшін талап ететін апатқа қарсы тұруда өзара ықпалдасу мен үйлестіру мүмкіндігін ашып көрсету үшін әзірленген",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіндегілер атап өткендей, АҚШ қандай да бір мемлекеттің аумағында апат болған жағдайда халықаралық көмекті үйлестіретін Аймақтық үйлестіру ортылығын құру тұжырымдамасын жасауға бастама көтеріп отыр. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Аймақтық үйлестіру ортылығының құрамына төтенше оқиғаны жою жөніндегі штаб пен көмек жіберіп отырған ел басшылығының арасындағы делдал болып табылатын өкілдер кіреді.

"Табиғи апаттар мен адамдардан төнетін қауіп-қатерлер ешқандай шектеуді білмейді және де үздіксіз күш салуды талап ететін халықаралық қоғамдастық пен аймаққа төнетін қауіп болып қала бермек",- деп санайды АҚШ Орталық қолбасшылығы директорының орынбасары генерал-лейтенант Чарьлз Дэвидсон.

Жаттығуға дайындық барысында Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, АҚШ Орталық қолбасшылығы мен Ауғанстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан секілді қатысушы елдердің өкілдерінің қатысуымен жаттығуды жоспарлау жөнінде екі жұмыс кездесуі мен үш бас қосу өткізілген.

Жаттығуға 170-тен астам адам қатысады. Бұрындары жаттығу мүше елдердің аумағында - 2004 жылы Германияда, 2006 жылы АҚШ-та, 2006 жылы Қырғызстанда өткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны