01.02.2017, 15:24 4828

Астанада тәрбие құрылымдарыныӊ офицерлеріне құрмет көрсетілді

Тәрбие жұмыстары органдарыныӊ құрылған күніне орай Қазақстан Қарулы Күштерініӊ Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты жиналыс өтті,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Тәрбие жұмыстары органдарыныӊ құрылған күніне орай Қазақстан Қарулы Күштерініӊ Ұлттық әскери-патриоттық орталығында салтанатты жиналыс өтті,- деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Осыдан 24 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президенті - Қарулы Күштердіӊ Бас Қолбасшысыныӊ № 1084 Жарлығымен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирлер орынбасарларыныӊ институты құрылды.

Мерекелі іс-шара аясында ҚР Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов үздік офицерлерді -ҚР ҚК тәрбие жұмыстары органдарыныӊ ардагерлерін,ҚР ҚК тәрбие және идеология жұмыстары бойынша командирлердіӊ орынбасарларын жұбайларымен қабылдады.

"Офицердіӊ жары ретінде бүгінгі мадақтау мен үшін - жоғары құрмет. Бірінші рет жолдасымныӊ сіӊірген еӊбегі үшін менімарапаттады. Бұл сезіммен, әрі моральдық тұрғыда қолдау тапқан әскери қызметшініӊ әскери ортадағы ролін және отбасыныӊ маӊыздылығын арттырады. Искерилердіӊ отбасылық қарым-қатынастарыныӊ тұрақтылығы, арқа сүйер сенімді қорған ретінде мемлекетіміздіӊ қорғаныс қабілетін толығымен нығайтуға ықпал етеді", - деп подполковник Ержан Османовтыӊ жұбайы Исем Османова атап өтті.

Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлар институтыныӊ құрылу тарихы Қарулы Күштердіӊ құрылуымен тікелей байланысты. Салтанатты жиылыс барысында қазақстандық армияныӊ дамуына және қалыптасуына зор үлесін қосқаны үшін, ұрпақ сабақтастығын көрсету мақсатында Қазақстан Қарулы Күштерініӊ ардагерлеріне құрмет көрсетілді. "Искер қатарынан кеткендердіӊ көбі әлі күнге дейін жастарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу ісінде жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын білуге тиіспіз. Біз - Қарулы Күштердіӊ ардагерлері Қорғаныс министрлігі басшылығыныӊ арқасында, офицерлік корпус тарапынан өзімізге деген қамқорлық пен ілтипаттарыӊызға алғысымызды білдіре отырып, әсіресе, жастарға жылдар бойы жинақталған тәжірибені беру үшін әлі де қоғамға қажет екенімізді сеземіз. Болашаққа дара жол салатын ұрпақтар сабақтастығыныӊ мәні осында", - деп запастағы генерал-майор Айтқали Есенғұлов атап өтті.

Қазіргі уақытта Қарулы Күштердіӊ дамуына орай идеологиялық жұмыстарды жетілдіру қажеттілігі артты. Сонымен, Қорғаныс министрініӊ бастамасы бойынша тәрбие және идеологиялық жұмыстар органдарыныӊ құрылымына өзгеріс енгізілді. Қарулы Күштердегі ардагерлердіӊ өзектілігі мен зор мүмкіндігін ескере отырып ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментініӊ құрамынан ардагерлермен жұмыс жөнінде бөлім ашылды.

Бұдан өзге, Қарулы Күштердегі психологиялық және әлеуметтік жұмыстарды жақсарту мақсатында батальон және бригада психологтарыныӊ лауазымдары, ал идеологиялық жұмыстарды арттыру үшін идеологиялық және арнайы насихаттау жұмыстары жөнінде офицерлер лауазымдары енгізілді. Искери басқару органдарында, әскери бөлімдерде әскери қызметшілердіӊ отбасыларымен жұмыс жөнінде лауазымдар енгізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны