17.05.2012, 16:37 3417

Астанада "Техбайқау" бірыңғай ақпараттық жүйесін ілкі жоба ретінде енгізу басталды

Бүгін Астана қаласының көліктерді техникалық байқаудан өткізу орталықтарында ілкі жоба ретінде "Техбайқау" бірыңғай ақпараттық жүйесін сынақтан өткізу басталды, деп хабарлады Pm.kz сайтына Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Астанада "Техбайқау" бірыңғай ақпараттық жүйесін ілкі жоба ретінде енгізу басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астана қаласының көліктерді техникалық байқаудан өткізу орталықтарында ілкі жоба ретінде "Техбайқау" бірыңғай ақпараттық жүйесін сынақтан өткізу басталды, деп хабарлады Pm.kz сайтына Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл жүйені "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ әзірлеген.

Баспасөз қызметтің ақпаратына сүйенсек, осы айдың соңына дейін бірыңғай ақпараттық жүйені елордадағы стационарлы және мобильді желілерде тестілу жоспарланып отыр. Ілкі жоба ретінде сынақтан өткен соң келесі екі ай ішінде барлық аймақтық техникалық байқау орталықтары біртіндеп бірыңғай жүйеге ауысады.

Бірыңғай жүйенің мәні мен маңызына тоқталсақ, автокөлік құралы техникалық байқаудан өткеннен кейін бақылау-диагностикалық жабдықтардың өлшеу параметрлері мен техникалық байқаудың нәтижелері көліктерді техникалық байқаудан өткізу орталықтарынан орталық мәліметтер базасына онлайн-режимінде жіберіліп отырады. Бұл автокөлік құралының фотосуреті мен міндетті техникалық байқаудан өткендігін растайтын куәлік туралы ақпараты бар диагностикалық карта.

"Жүйе техникалық байқаудан өткен автокөліктер мен техникалық байқаудан өткендігі туралы куәліктер есебін жүргізуге, жан-жақты талдау жасап отыруға, автокөлік құралдарын пайдаланудағы проблемалық мәселелерді анықтауға, біртіндеп қағаз жүзінде куәлік беруден арылуға мүмкіндік береді", - делінген баспасөз қызметтің ақпаратында.

Сонымен қатар, бұл бірыңғай жүйе көліктік бақылау саласындағы уәкілетті органға көліктерді техникалық байқаудан өткізу орталықтарының қызметін бақылап отыруға да жол ашады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны