12.03.2014, 20:50 7452

Астанада темір жол билеттерін электронды сату орталығы ашылды

Электронды сату залында жолаушылар ақпараттық тақта арқылы пойыздар кестесі мен бос орындар жайлы ақпарат алып, кеңесшілердің көмегіне жүгіне алады.

Алматы. 12 наурыз. Kazakhstan today. "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Астана вокзалында Электронды сату орталығын ашты.

ҚТЖ хабарлағандай, электронды сату орталығы халыққа қолма-қол немесе электронды ақша арқылы автоматтандырылған өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары арқылы билет сатудың жаға әдісін ұсынады.

Электронды сату залында жолаушылар ақпараттық тақта арқылы пойыздар кестесі мен бос орындар жайлы ақпарат алып, кеңесшілердің көмегіне жүгіне алады.

Жолаушылар үшін залда жайлы орындықтар, бейнемонитор орнатылып, ауа баптайтын және жылытатын автономдық жүйе қызмет көрсетеді.

Жаңа қызметтің іске қосылуы кассалардағы кезекті азайтып, жолаушылардың билет сатып алудағы әрекетін оңтайландырады.

"Бұл арнайы билет сату залында 16 электрондық билет кассасы орнатылған. Оған қосымша 10 қарапайым кассалар халыққа қызмет көрсетеді. Біздің бұл технологияны енгізудегі мақсатымыз - жолаушылардың барынша тез әрі жайлы жағдайда билет сатып алуын қамтамасыз ету,. Осындай 10 касса Алматыда ашылады", - дейді Электронды сату залының ашылу салтанатында "Жолаушылар тасымалы" АҚ президенті Ермек Төлегенов.

Электронды сату орталығын ашу темір жол көлігі жолаушыларына қызмет көрсетудің жаңа бір бастамасы іспеттес.

Айта кетейік, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мен оның еншілес кәсіпорны "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2014 жылы электронды-сандық пішінде интернет-ресурс арқылы билеттерді ресімдеу технологиясын енгізу және жолаушыларды арнайы есеп құрылғылары арқылы тіркеп, пойыздарға отырғызу әдісін толықтай енгізуді жоспарлап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны