09.06.2014, 22:28 3279

Астанада тіркеу мәселесіне қатысты дөңгелек үстел өтті

Жыл сайын 9 маусымда халықаралық қауымдастық Дүниежүзілік тіркеу күнін атап өтеді. Биыл аталмыш шара "Тіркеу: энергия үнемдеу сенімділігі мен қауіпсіздігі" ұранымен ұйымдастырылды.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық тіркеу орталығында "Тіркеу: энергия үнемдеу сенімділігі мен қауіпсіздігі" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жыл сайын 9 маусымда халықаралық қауымдастық Дүниежүзілік тіркеу күнін атап өтеді. Биыл аталмыш шара "Тіркеу: энергия үнемдеу сенімділігі мен қауіпсіздігі" ұранымен ұйымдастырылды.

Шараға мемлекеттік орган, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан метрология институты, Қазақстан стандарттау институты, сынақ зертханалары мен сәйкес келуді реттеу органы қоғамдық бірлестігі өкілдері мен өзге де қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты.

Онда Қазақстандағы қуат менеджментін дамыту, соның ішінде халықаралық деңгейде мойындалған КАЙЗЕН жүйесі үлгісіндегі тәжірибені дамыту мәселесі, сонымен қатар ИСО 50001 стандарты талабына сай келуі мен энергия үнемдеудегі сенім мен қауіпсіздікті дамытудағы тіркеудің рөлі, энергия үнемдеу саласындағы тіркеу жүйесін дамыту жоспары мен міндеттемелерінің болашағы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, өнімнің ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына сай келуін бағалаумен сай келуді растау немесе сынақ зертханалары органы айналысады. Ал бұндай органдар мен зертханалардың құзіретін өз кезегінде бірыңғай құзіретті орган анықтайды. Қазақстанда бұл міндеттемені Ұлттық тіркеу орталығы атқарады, дейді ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны