05.06.2014, 19:41 2452

Астанада ТМД елдерінің медициналық зертхана қызметінің форумы өтуде

Бүгін Астана қаласында "ТМД елдерінің зертхана қызметтерін үйлестіру, тәжірибе алмасу. Зертхана тестерінің фундаменталды негізі, инновациялық технологиялар, клиникалық маңыздылығы" тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық форум өз жұмысын бастады.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Бүгін Астана қаласында "ТМД елдерінің зертхана қызметтерін үйлестіру, тәжірибе алмасу. Зертхана тестерінің фундаменталды негізі, инновациялық технологиялар, клиникалық маңыздылығы" тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық форум өз жұмысын бастады.

"Зертхана қызметі нарығының өсу және саланың коммерциялану қарқынын басып озатын медицинаның осы бағыты жоғары ғылыми еңбекті талап ететінін ескере отырып, медициналық зертхана жұмысының жаңа қағидаттарының туындау сәтін жіберіп алмау маңызды, оған қоса күш-жігерді халықаралық деңгейде біріктіре отырып, ТМД елдерінің аумағында жаппай медицинаның осы саласының дамуына импульс беру" - деді "АБҰҒО" АҚ Басқармасы Төрағасы Тамара Вощенкова.

Форумға жақын шет елдерінің ірі ғалымдары, сондай-ақ АҚШ, Германияның жетекші докторлары мен профессорлары назар аударды. Симпозиумге Ресей Медициналық зертханалық диагностика қауымдастығы белсене атсалысты.

Форумның айтарлықтай ерекшелігі жас медициналық жұмысшылар тарапынан зертханалық диагностикаға қызығушылығын дамытуға түрткі болуы тиіс, жас ғалымдар конкурсы болды. Конкурсқа қатысушылар наградалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады. Симпозиум 2 күнге созылады, қатысушылардың жалпы саны жақын және алыс шет елдерден келген қонақтарды қосқанда 450 адамнан асады.

Форумның аяқталуында қарарға қол қою жоспарлануда, онда шараның қорытындысы, сондай-ақ ТМД елерінің зертхана қызметінің жұмысын оңтайландыру тәсілдері көрсетілетін болады. Қарарда Қазақстан Республикасында клиникалық зертхана жұмысының тиімділігінің негізгі көрсеткіштерін құру көрсетіледі, ол болашақта қарапайым бағыт болып қана қоймай, елдің барлық аумағындағы зертхана қызметі үшін сапа стандарты болуы тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны