22.09.2006, 18:37 2940

Астанада ТМД ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді

АСТАНА. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Астанада 28-30-қыркүйекте ТМД ішкі істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Отырыс ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер органдарының қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастығы, халықаралық лаңкестік пен трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күреске бағытталған бірлескен шараларды қолдану мәселелеріне арналады",- деді Б.Қожахметов.

Оның айтуынша, отырысқа ТМД-ға қатысушы 9 елдің ішкі істер министрлері мен халықаралық үш ұйымның өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны