04.07.2014, 20:22 3520

Астанада ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті

Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің (ТМД ҚМК) кезекті отырысы өтті.ТМД-ҚМК жұмысына Изірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының делегациялары қатысты.

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan today. Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің (ТМД ҚМК) кезекті отырысы өтті.ТМД-ҚМК жұмысына Изірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының делегациялары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес отырыста Достастық мемлекеттері қорғаныс ведомстволары көпжақты әскери ынтымақтастығының түрлі аспектілері бойынша 20-ға жуық мәселе қаралды, деп қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қорғаныс министрлері атап айтқанда инженерлік әскерлерәскери қызметшілерінің гуманитарлық минасыздандыру міндеттерін орындау кезеңіндегі мәртебесіне, радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалдыбақылау және бағалау жүйесін дамытуға, әскери мақсаттағы спутниктік байланыс жүйелерін пайдалануға, Достастық елдері қарулы күштеріндегі ұшулар қауіпсіздігіне қатысты құжаттарды қарады.

Сонымен бірге әскери ынтымақтастықты тереңдету аясында әуе шабуылына қарсы қорғаныс, әскери білім, әскери-қолданбалы спорт түрлері, сондай-ақ кадрлық және қаржылық қамтамасыз ету салаларындағы басымдық берілген зерттеулерді жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Айта кетейік, ТМД Министрлер кеңесі 1992 жылы 14 ақпанда Ынтымақтас мемлекеттер кеңесінің Шешімімен құрылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны