06.06.2013, 10:17 10070

Астанада ТМД тұтынушыларының құқықтарын қорғау жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша Модельдік тұжырымдама мақұлданды

Астанада ТМД мүше-елдері тұтынушыларының құқығын қорғау бойынша Сабағаттық кеңестің 4-ші отырысы өтті, онда ТМД-дағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша Модельдік тұжырымдама мақұлданды.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Астанада ТМД тұтынушыларының құқықтарын қорғау жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша Модельдік тұжырымдама мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада ТМД мүше-елдері тұтынушыларының құқығын қорғау бойынша Сабағаттық кеңестің 4-ші отырысы өтті, онда ТМД-дағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша Модельдік тұжырымдама мақұлданды.

"Беларусь Республикасының Сауда министрлігі өткізген ТМД мүше-елдеріндегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету бойынша Модельдік тұжырымдама жасау жұмысын мақұлдау қажет",- деді кеңес хатшылығының басшысы Лидия Осауленко.

Аталған тұжырымдама Сабағаттық кеңестің 3-ші отырысында қаралған, мұқият талдау мен түзетулер енгізген соң бұл жұмысты іске асыруға болады деген шешім қабылданды.

Осылайша, кеңес мүшелеріне тұтынушылар құқығын қорғаудың ұлттық жүйелерін ұйымдастыру кезінде өзінің практикалық қызметінде көрсетілген Модельдік тұжырымдаманы пайдалану ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны