18.05.2011, 15:58 3484

Астанада төрт жасар қызды зорлаған және оны өлтірген деген күдікпен жергілікті колледждің студентін қамауға алды

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада адам зорлау мен төрт жастағы қызды өлтірген деген күдікті студент қолға түскен. Бұл туралы Қазақстан ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің бастығы Қаламқас Темірова мәлім еткен.

Астана. 18 - мамыр. Kazakhstan Today - Астанада төрт жасар қызды зорлаған және оны өлтірген деген күдікпен жергілікті колледждің студентін қамауға алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада адам зорлау мен төрт жастағы қызды өлтірген деген күдікті студент қолға түскен. Бұл туралы Қазақстан ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің бастығы Қаламқас Темірова мәлім еткен.

"Астананың ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыарқа ауданындағы бір пәтерде кішкентай қыз баланы өлтіріп кетуге қатысты қылмыстың бетін "ізін суытпай" ашты", деп хабарлады Темірова сәрсенбі күнгі журналистерге берген сұхбатында.

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы бойынша 4 жастағы қыз бала жабық ми жарақатынан қайтыс болғаны анықталды.

"Кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде Астана қаласы колледждерінің бірінде оқитын 17 жастағы 1 курс студенті ұсталды. Қылмыс жасалған күні анасы қыз баланы танысына тастап кеткені анықталады. Күдікті кішкентай қызбен жеке қалғанын пайдаланып, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған. Қылмыстың ізін жасыру мақсатында ол жәбірленушінің басынан бірнеше рет соққан. Алған зақымнан кішкентай қыз сол жерде қайтыс болған",- деп мәлімденген ІІМ таратқан хабарламасында.

Темірованың айтуынша, "қазіргі уақытта күдікті адам қамауға алынған. Зорлық жасап, адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны